ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ұрпаққа үлгі болған ғұмыр

Ұрпаққа үлгі болған ғұмыр

Әлеумет 27.12.2024, 15:13 679
Ұрпаққа үлгі болған ғұмыр
Алматы гарнизонының баспасөз қызметі
Алматы қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері және танымал ғалым Зұлхарнай Сейітов 102 жасқа толған мерейтойын атап өтті.

Алматы қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері және танымал ғалым Зұлхарнай Сейітов 102 жасқа толған мерейтойын атап өтті.

Зұлхарнай Сейітов 1922 жылдың 27 желтоқсанында Омбы облысының Жаңа Кипчак ауылында дүниеге келген. 1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысында Сталинградтан бастап Беларусь, Польша арқылы өтіп, Берлинді шабуылдау және Потсдам сарайын минадан тазарту операцияларына қатысты. Ерлігі үшін ол Қызыл Жұлдыз орденімен және «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Соғыстан кейін Зұлхарнай Сейітов Отанына қызметін жалғастырып, Омбы ауылшаруашылық институтын аяқтады. Кейін Қазақстанға көшіп келіп, өзін ғылымға арнады. Биология ғылымдарының докторы, Республикалық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан-Ресей медициналық университетінің молекулалық биология кафедрасының профессоры Зұлхарнай Сейітов 150-ден астам ғылыми жұмыс пен монографияның, 10 оқу құралының, 14 патент пен 8 авторлық куәліктің авторы атанды. Оның зерттеулері медицина мен азық-түлік өнеркәсібінің дамуына үлкен үлес қосты.

Зұлхарнай Сейітов – ерлік пен ғылымға адалдықтың, Отанына деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі.

– Оның өмірі – біздің ұрпақ үшін аңыз, жастар үшін шабыт көзі және отансүйгіштіктің өшпес үлгісі, – деп атап өтті Алматы гарнизонының баспасөз қызметі.

Мерейтой күні ақсақалды Алмалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары құттықтады. Олар ардагерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және амандық тіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,446 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,257 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,343 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,185 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.