AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұрпақ тәрбиесіне арналған жинақ жарық көрді

Ұрпақ тәрбиесіне арналған жинақ жарық көрді

Әлеумет 27.01.2023, 14:00 2,255
Ұрпақ тәрбиесіне арналған жинақ жарық көрді
Сурет: Almaty-akshamy

Жинақпен Алматы қаласының барлық қазақ және аралас мектептері қамтамасыз етілген


2023 жылдың 27 қаңтарында Абай университетінде «Ұрпақ тәрбиесіндегі құндылықтар негізі» жинағының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова, Абай университетінің ректоры Дархан Біләлов, академик, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті Асқарбек Құсайынов,  Қазақстанның Тұңғыш Еңбек Ері, қайраткер ұстаз,  Қазақстан ПҒА академигі  Аягүл Миразова,  Алматы қаласы №81 мектеп-гимназия директоры Нұрғали Турумбетов, Алматы қаласы білім басқармасы мен педагогикалық бағыттағы жоғары оқу орындары мен орта білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.



Тұсаукесерді Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов ашып, аталған жинақтың еліміздің өскелең ұрпағына білім мен тәрбие берудегі маңыздылығына  қысқаша тоқталды. Бұл мәселе кез келген қоғам үшін аса өзекті екендігі атап өтілді.


Ұрпақ тәрбиесін жетілдіру мақсатында Педагогикалық ғылымдар академиясы Абай университеті және Алматы қаласы білім басқармасымен бірлесе отырып,  мектеп оқушыларына тәрбие беру жұмыстарын жетілдіру жобасын жасады. Бұл жоба ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің қолдауына ие болып, жастар тәрбиесінің 6 өзекті бағыты анықталып, олар бойынша тиімді жұмыс жасау үшін 14 әдістемелік нұсқаулық әзірленді. Барлық нұсқаулықтар топтастырылып, «Ұрпақ тәрбиесінің құндылықтар негізі» тақырыбында 3 бөлімнен тұратын жинақ дайындалды.  



Осы жобаның ғылыми жетекшісі академик Асқарбек Құсайынов, Аягүл  Миразова, Жұлдыз Сүлейменова, №2 гуманитарлық-педагогикалық колледж және №81 мектеп-гимназия басшылары сөз сөйледі. Олар 1-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін оқушыларға, сабақтан тыс уақытта, тәрбие жұмыстарын жүргізудің біртұтас ғылыми-практикалық негізі жасалғанын және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы бұл жинақты орта білім беру ұйымдарының педагогтері тәрбие жұмыстарында қосымша әдістемелік нұсқаулық ретінде қолдануына ұсынылғанын айтты. Жинақпен Алматы қаласының барлық қазақ және аралас мектептері қамтамасыз етілген.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұрпақ тәрбиесі #жинақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);