Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / "URKER-2022" Ұлттық сыйлығының номинанттары анықта...

"URKER-2022" Ұлттық сыйлығының номинанттары анықталды

Әлеумет 26.10.2022, 15:28 1,413
"URKER-2022" Ұлттық сыйлығының номинанттары анықталды
Сурет: Ашық дереккөзі

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы "URKER-2022" Ұлттық бәйгесі номинанттарының шорт-парағы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Байқау 13 номинация бойынша өткізілуде, оның ішінде медиа саласын дамытуға үлесі баға жетпес көрнекті тұлғалардың құрметіне 3 арнайы сыйлық. Журналистерден барлығы 544 жұмыс келсе, солардың ішінде ең көп өтінім "Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал", "Жылдың үздік сұхбаты", "Жылдың үздік аналитикалық материалы" және "Жылдың үздік репортажы" номинациялары бойынша келіп түсті. Құрамына беделді журналистер, медиа менеджерлер және халықаралық медиаэкперттер енген қазылар алқасы үздік жұмыстарды анықтады.


Марапаттау рәсімі қарсаңында қазылар алқасының мүшелері Ұлттық бәйге номинанттарын жариялады, шорт-параққа 52 номинант енді:
Жылдың үздік сұхбаты:
Мейірман Лес – Baribar.kz
Тұрсынбек Башаров – Massaget.kz
Ая Өміртай – Halyq-uni.kz
Жадра Жулмухаметова – BaigeNews.kz
Жылдың үздік репортажы:
Анар Қоныс – Aikyn.kz
Илья Астахов – Liter.kz
Дамира Аугамбаева – Orda.kz
Айнаш Хаметжанова – Tengrinews.kz
Әлеуметтік тақырыптағы үздік материалы:
Мұрат Аяғанов – "Egemen Qazaqstan" республикалық газеті
Гүлшат Сералы – "Астана ақшамы" газеті
Наима Нұрәлі – Halyq-uni.kz
Бахыт Сарсембаева – "Вечерний Алматы" газеті
Жылдың үздік журналистік зерттеуі:
Абзал Токанов – "AIQYN" республикалық газеті
Төрехан Данияров – "Алматы ақшамы" газеті
Аскар Машаев – "Курсив" газеті
Қазбек Құттымұратұлы - "Egemen Qazaqstan" республикалық газеті
Жылдың үздік аналитикалық материалы:
Валентина Қозыбақова – "Маңғыстау" газеті
Құралай Құдайберген – inbusiness.kz
Ділда Уәлибекова – "Túrkistan" халықаралық газеті
Айнура Аханова – Orda.kz
Халықаралық тақырыптағы үздік материалы:
Нұрлат Байгенже – "Астана ақшамы" газеті
Арман Октябров – "Egemen Qazaqstan" республикалық газеті
Наима Нұрәлі – Halyq-uni.kz
Сауле Исабаева – Qmonitor.kz
Жылдың үздік жаңалықтар порталы:
BAQ.KZ
INBUSINESS.KZ
Zakon.kz
Express.kz
Радиостанциядағы үздік жоба:
"Кешкі Time" – ORDA FM
"Ой – түйін" – Qazaq radiosy
"Деловое утро"  – Business FM
"Cover time" – ASTANA FM
Жылдың үздік фотосуреті:
Мейірбек Тажкуранов – Zakon.kz
Сәкен Ділдахмет – Nege.kz
Ернар Алмабек – Massaget.kz
Ольга Бугаева – Pavlodarnews.kz
Үздік өңірлік БАҚ:
"Saryarqa samaly" газеті
"Astana aqshamy" газеті
"Атырау" газеті
"Алматы ақшамы" газеті
Батыр Қазыбаев атындағы арнайы премия:
Динар Керім – "Egemen Qazaqstan" республикалық газеті
Алтынбек Құмырзақұлы – e-history.kz
Әйгерім Бегімбет – Еrnur.kz
Ирина Галушко – "Экспресс К" газеті
Ахмет Байтұрсынов атындағы арнайы премия:
Бағдагүл Шарғынова – Қазақ радиолары
Қымбат Слямбеков – Massaget.kz
"Қырғыз әдебиеті" жобасы – "Таң-Шолпан" журналы
Наргиз Рахимжанкызы – "Вечерний Алматы" газеті
Шерхан Мұртаза атындағы арнайы премия:
Қали Сәрсенбай – "Ана тілі" газеті
Қайым-Мұнар Табеев – "Қазақ әдебиеті" газеті
Асылан Тілеген – "Ақ желкен" журналы
Ғалымжан Елшібай – Оinet.kz
"URKER-2022" Ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары 28 қазан күні белгілі болады. Лауреаттарды марапаттау рәсімі Астана қ. "Қазмедиа" орталығында өтеді.
Жеңімпаздарға "URKER" естелік мүсіншесі және бір миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлығы табысталады.
Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы жетістіктері үшін берілетін қазақстандық Ұлттық "URKER" сыйлығы талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлесін мойындау және олардың шығармашылығына қоғамның назарын аудару мақсатында 2017 жылы тағайындалған.
Байқау ұйымдастырушылары - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және "Медиа дамыту қоры" корпоративтік қоры. Іс – шараның демеушілері – "Қазақстан" РТРК және "Хабар "Агенттігі" АҚ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#"URKER-2022" #ұлттық сыйлық #Номинант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың 80%-ы Конституциялық реформаны қолдайды

Бүгін 13:34

Алматыда жасанды интеллектті білім беру жүйесіне енгізу мәселелері талқыланды

Бүгін 13:29

Қайрат Нұртас Денис Теннің анасына құрмет көрсетті

Бүгін 12:45

Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлер мінсіз қызметі үшін БҰҰ медальдарымен марапатталды

Бүгін 12:28

Әр екі апта сайын бір тіл өшеді…

Бүгін 11:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі