AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / «ҰР, ТОҚПАҚ!» қойылымына шақырады

«ҰР, ТОҚПАҚ!» қойылымына шақырады

Оқиға 16.12.2022, 06:37 2,116
«ҰР, ТОҚПАҚ!» қойылымына шақырады

Бүлдіршін қуанышының себепкеріне айналған 87 жылдық қазыналы тарихы бар Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры жас жеткіншектерге қазақ халық ертегісінің желісімен сахналанған «Ұр, тоқпақ!» қойылымының премьерасын ұсынды.


Жақсылық пен жамандықтың, адалдық пен арамдықтың ара-жігін айқындайтын бұл спектакльде аңғал да сенгіш, ақкөңіл де мейірімді ақсақал қошақанын іздеп жүріп, тұзаққа түсіп қалған қазды құтқарып қалады. Қарапайым қазды емес, таңғажайып данышпан Қазбайды құтқарған ақсақал мен кемпірі екеуінің өміріне сол сәттен бастап үлкен өзгеріс енеді. Қазбай ақсақалға алғыс ретінде «Піс, қазан», «Құс, есек» және «Ұр, тоқпақ» атты ерекше сиқырлы сыйлықтар ұсынғанымен, жезтырнақтар түрлі адам кейіпіне еніп, ақсақалдың сыйлықтарын тартып алу мақсатында жоспарлар құрады. Дегенмен бұл тұзақтарға қарсы тұрып, ақсақал өз мақсатына жетеді.


Ұлттық дәстүрмен ұтымды безендіріліп, әуезді әнмен, көңілді бимен әрленген ертегі кішкентай көрермендерге қызықты көңіл-күй сыйлап қана қоймай, бала санасының дамуы мен рухани, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіріп, тіл алғыштыққа, тәртіптілікке, шыншылдық пен үлкенге құрмет көрсетуге үндейді.


Қойылымның авторы – белгілі қаламгер, ақын, драматург, бірқатар беделді мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Қасымхан Бегманов. Спектакльдің суретшісі – Алтынай Жүсіпәлі. Қойылымды музыкамен көркемдегендер – Бақберген Байшығаш және Аршын Жолдасхан. Бұл қойылымды театр өнері саласында есімі белгілі, ертегі арқылы баланың шығармашылық қабілетін дамыту, қоғамдық өмірге араласуы жолында аянбай қызмет етіп жүрген, ізденіс еңбегінің негізінде қазақы ертегілерді заманына сай етіп қуыршақ театрының қоржынын толықтырып жүрген режиссер Еркебұлан Қабдыл сахналады.


Қуыршақ өнерінің сан қилы мүмкіндігін пайдалана отырып, кішкентай көрермендерімізге және ересектерге де ерекше әсер сыйлауға асық, жақсылыққа жаны құмар, ертегілер әлемін сезіндіретін Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры 18 желтоқсанда барша көрермен қауымды театрға шақырады!


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қойылым #қуыршақ #тарих
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);