AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / ҰҚК қаңтар оқиғасы туралы деректі фильм түсірді

ҰҚК қаңтар оқиғасы туралы деректі фильм түсірді

Өмір-өзен 10.06.2022, 11:05 1,950
ҰҚК қаңтар оқиғасы туралы деректі фильм түсірді
Сурет: Еgemen.kz

Қаңтар оқиғасы бойынша 5 мыңнан астам қылмыстық іс қозғалды.


Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Қаңтар сабақтары» деректі фильмін жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Куәгерлер Маңғыстаудағы оқиғалар қалай басталғанын және жаппай тәртіпсіздікті тоқтату үшін қандай шаралар атқарылғанын айтып берді.


Алаңға жиналғанын халықтың психологиясын зерттеуге тура келді.


Облыстық мәслихат депутаты Аят Сүгірбайдың айтуынша, Маңғыстаудағы халықты таратуға туыстық қарым-қатынас та көмектесті.



«Біз алаңда қандай ұжымдар бар? Олардың көшбасшылары кім? Кімдердің ықпалы жүреді? Осының бәрін талдауға кірістік. Сосын өңіріміз қазақи болғаннан кейін ағайын-тума, құда-жекжат деген сияқты қарым-қатынасымыз жақсы рөл ойнап кетті. Себебі қарға тамырлас қазақпыз ғой. Ағайын-тумамыз бар, басқамыз бар. Бір рудың ішінде сыйлайтын ақсақалдарымыз бар. Сол кісілерге қолқа салдық, ешкімнің сойылын соқпаймыз, ешқандай саяси топтардың мүддесіне жұмыс жасамаймыз, бір ғана мүддеміз бар, ол – елдің бірлігі деп айттық. Дүние-мүлік бұзылмауы керек деген мақсат ұстандық», - дейді Сүгірбай.



Маңғыстаулықтар бірнеше күннен кейін тарады.


Алайда елдегі жағдай тынышталған жоқ. Газдан басталған толқу республиканың жартысына тарап кетті.


Бас прокуратураның мәліметіне сәйкес, осы уақытқа дейін қаңтар оқиғасы бойынша 5 мыңнан астам қылмыстық іс қозғалды.


Фильмде зардап шеккен полицейлер соққыға қалай жығылғанын да айтып берді. Қаза тапқан тәртіп сақшылардың туған-туыстары сұхбат берді.


Ал прокурорлар тергеу шараларымен таныстырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰҚК #фильм #қаңтар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);