AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / "Ұқит-сұқит" дедіңіздер". Депутат Көлсайда суға тү...

"Ұқит-сұқит" дедіңіздер". Депутат Көлсайда суға түскен Павел Дуровқа неге айыппұл салынбағанын сұрады

Билік 05.11.2025, 15:44 516 Сұлу
"Ұқит-сұқит" дедіңіздер". Депутат Көлсайда суға түскен Павел Дуровқа неге айыппұл салынбағанын сұрады
Видео кадры

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Туризм және спорт министрінің орынбасарына сауал жолдап, Көлсайда суға түскен Павел Дуровқа неге айыппұл салынбағанын сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Павел Дуров Көлсайға келіп, суға түсті. Айыппұл салынады деді, бірақ онда белгі жоқ деді, "ұқит-сұқит" деп айыппұл салынбады. Ал онда суға түскен қанша қазақстандық айыппұл арқалады?" - деді ол. 

Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев бұл сұрақ Экология министрлігінің құзіретінде деп жауап берді. 

Депутат туристік нысандарға кіру ақысына да тоқталды. 

"Туристік нысандарға кіру ақысы екі түрлі болуы: өзіміздің қазақстандықтарға немесе шетел азаматтарына. Мына тұрған Өзбекстанның өзі, Түркияда, мен көрген Вьетнамда, Таиландта жай саябаққа кіру өз азаматтары үшін теңгеге шаққанда 250-300 теңге болады да, ал өзге елдің туристеріне 10-15 есе бағада болады. Бізде осыны ұсынып едім, "жоқ, туристер келмей қояды" дегендей бір уәж айтты. Шыны керек, оны толық түсіне алмадым. Қашанғы сырттан келетін қонақтардың ығына қарай жығыла береміз?! Мысалы орта есеппен Алматының ботаникалық бағы немесе Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне кіру ақысы - 1000 теңге, шетелдік турисіне ол - 2 доллар. Қытайдан турист көп келіп жатыр дейміз. Юаньға шаққанда, 10-14-ақ юань. Олар үшін садақа ақша ғой айналып келген кезде", - деді депутат.

Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев депутаттың сауалына жауап берді. Шенеуніктің айтуынша, қазір негізгі мақсат - шетелдік туристі көбейту. Былтырдың қорытындысы бойынша Қазақстанға шамамен 15 млн шетелдік азамат келген. 

"Басқа баға қоятын болсақ, қазақтың қонақжайлығына әсерін тигізеді деп айтуға да болады. Сіздің қойған сұрағыңызды екінші оқылымға дейін қарастырайық", - деді министрлік өкілі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мәжіліс #депутат #труист #көлсай #Павел Дуров
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);