AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үндістанның әскери сарапшылары Алматыдағы бітімгер...

Үндістанның әскери сарапшылары Алматыдағы бітімгерлік операциялар орталығына барды

Әлеумет 03.03.2023, 12:40 1,299
Үндістанның әскери сарапшылары Алматыдағы бітімгерлік операциялар орталығына барды
Сурет: Ашық дереккөз

Шетелдік мамандар орталыққа 2023 жылдың қыркүйегіне жоспарланған «БҰҰ әскери бақылаушылары» курсын әзірлеуге жәрдемдесу үшін келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Делегация құрамында Үндістан Қарулы күштерінің бітімгерлік даярлық саласындағы сарапшылар – бригада генералы Парамвир Сингх Дагар, подполковник Виниит Кумар және майор Диип Сингх Ратоде бар.


Делегация мүшелері Үнді тарапының қолдауымен жөнделіп, жарақтандырылған үнді-қазақ бітімгерлік сыныбына барып, қарқынды тілдік даярлық кабинеттерінің жабдықтарымен және Н. Тілендиев ауылындағы «Бітімгер» оқу-жаттығу орталығының инфрақұрылымымен танысты.



– Бітімгерлік дайындық саласындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу халықаралық курстарды өткізу сапасын жақсартуға, оқытудың заманауи әдістерін енгізуге ықпал етеді, – деп Бітімгерлік операциялар орталығының бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин серіктестіктің жақсы жағын атап өтті.



Өз кезегінде бригада генералы Парамвир Сингх Дагар Қазақстан тарапына жұмыс сапарын ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, бітімгерлерді даярлау саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді.


Аталған курс бағдарламасына дәрістер, оқу жаттығулары, сондай-ақ БҰҰ-ның бейбітшілікті сақтау жөніндегі қолданыстағы операцияларының жағдайларына барынша жақын сценарийлер мен жағдайларды пысықтаумен практикалық сабақтар кіреді.


Осындай курсты өткізу және оны БҰҰ-да одан әрі сертификаттау Қазақстанның Қарулы күштеріне БҰҰ талаптары мен стандарттарын сақтай отырып, әскери байқаушыларды дербес даярлауға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Үндістан #бітімгер #орталық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);