AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Үндістан мен ОА елдері ұлттық қауіпсіздік жөніндег...

Үндістан мен ОА елдері ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілерінің кездесуі өтті

Саясат 06.12.2022, 10:58 1,534
Үндістан мен ОА елдері ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілерінің кездесуі өтті
Сурет: Akorda.kz

Кездесуге қатысушылар бірлескен коммюнике қабылдады.


Нью-Дели қаласында Үндістан мен Орталық Азия елдері ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілерінің – қауіпсіздік кеңестері хатшыларының алғашқы кездесуі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Оған Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.


Іс-шара барысында жиынға қатысушылар қауіпсіздіктің өңірлік және халықаралық өзекті мәселелері, соның ішінде терроризмге, сепаратизм мен экстремизмге, қару мен есірткінің заңсыз айналымына, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл, халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде жан-жақты пікір алмасты.


Тараптар Ауғанстандағы қазіргі жағдайды және оның өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылыққа әсерін, сондай-ақ «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін (INSTC) дамыту перспективаларын талқылады.


Ғизат Нұрдәулетов әріптестерін халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелеріне қатысты Қазақстанның ұстанымы туралы хабардар етіп, «Орталық Азия – Үндістан» диалогы аясында қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөнінде бірқатар ұсыныс айтты.


Кездесу қорытындысы бойынша кездесуге қатысушылар бірлескен коммюнике қабылдады. Онда Қазақстан Республикасының БҰҰ аясында Аурулар мен биологиялық қауіпсіздікті бақылау жөніндегі өңірлік орталықтар желісін құру, сондай-ақ арнайы көпжақты орган – Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік (IABS) құру жөніндегі бастамасының маңыздылығы атап өтілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #ОА #Үндістан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);