ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ұн өндірісі үш айда 23%-ға өскен

Ұн өндірісі үш айда 23%-ға өскен

Әлеумет 12.04.2022, 10:01 1,128
Ұн өндірісі үш айда 23%-ға өскен
Сурет: Ababilova.com
Жаппай егіс жұмыстарына дайындық жалғасуда.

Жаппай егіс жұмыстарына дайындық жалғасуда.


Қазақстанда ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында азық-түлік өнімдерінің өндірісі 3,8%-ға өсіп, 607,8 млрд теңгені құрады. Ең жоғары өсу қарқыны көкөністерді өңдеуде, ұн мен балық өндіруде байқалды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Eldala.kz сілтеме жасап.


«Қайта өңделген және консервіленген көкөністер өндірісінің 1,8 есеге (4,7 мың тонна), ұн өндірісі 23%-ға (881,4 мың тонна), жас, тоңазытылған немесе мұздатылған балық өндірісі 21,5%-ға (10,1 мың тонна), жарма 8,3%-ға (26,6 мың тонна), шұжық өнімдері 7,8%-ға (15 мың тонна), макарон өнімдері 5,3%-ға (39,7 мың тонна), ашыған сүт өнімдері 2,6%-ға (57,7 мың тонна)», - деп хабарлады АШМ басшысы.


Жалпы, жыл басынан бері ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,8%-ға артып, 700,3 млрд теңгені құрады. Негізінен бұл өсім мал шаруашылығы есебінен қамтамасыз етілді - 2%. Соның ішінде тірі салмақта ет өндіру 1,2%-ға, сүт 1,3%-ға, тауық жұмыртқасы 11,6%-ға артты.


Өсімдік шаруашылығы өнімі өткен жылдың сәйкес кезеңіне ұқсас 42,8 млрд теңге сомасына өндірілді.
Азық-түлік өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялар көлемі үш айда 35,8% - ға артып, 34,1 млрд теңгені құрады.


Сонымен қатар, жаппай егіс жұмыстарына дайындық жалғасуда. Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы және тұрақты жүргізу үшін аграршыларға 212 мың теңге/тонна (176 теңге/литр) бағамен 400 мың тонна дизель отыны бөлінген. Бұл бөлшек сауда бағасынан аймаққа байланысты орта есеппен 15-30%-ға төмен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,443 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,256 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,334 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,184 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.