AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Үміт ақталды! Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны жең...

Үміт ақталды! Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны жеңді

Спорт 17.11.2023, 17:01 1,862
Үміт ақталды!  Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны жеңді
Сурет: @ptrkkz

Қазақстан құрамасы жарады!


Қазақстан - Сан-Марино кездесуі 3-1 есебімен аяқталды,деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ел құрамасының ойынына қолдау көрсетуге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі келді.


Мемлекет басшысымен бірге ұлттық құрамаға қолдау білдіру үшін даңқты спортшылар, спорт ардагерлері мен мәдениет қайраткерлері де келді.


Олардың арасында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген, мини-футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Паулу Рикарду Фигейра Силва (Кака), футбол ардагерлері Михаил Гурман мен Вахид Масудов, бапкер Дмитрий Огай, олимпиада чемпиондары Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландин және тағы басқалары бар.


Елорданың «Астана Арена» стадионында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Сан-Марино құрамалары кездесті. Кездесуде алғашқы боп есепті Қазақстан құрамасы ашты.Кездесудің 19-минутында көп күттірмей Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков қарсыластар қақпасына доп дарытқанын хабарлаған болатынбыз. Бірінші тайм 1-0 есебімен аяқталды.


Екінші тайм басталысымен, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Чесноков ойынның 50-минутында екінші голдың авторы атанды. Есеп: 2-0


Дегенмен, қарсыластар командасы да осал еместіктерін танытты. Араға он минут салып, кездесудің 60-минутында қақпа алдындағы қарбаласты сан-маринолықтар сәтті пайдаланып кетті. Есеп: 2-1


Екінші тайм тартысты әрі қауіпті сәттерге толы болды. Ел құрамасына үшінші голды сыйлаған Абат Айымбетов болды. Шабуылшының пенальтиден дәлдеп соққан соққысы оны үшінші голдың авторы етті. Есеп 3-1. Қазақстан құрамасының жігіттері осылайша айқын басымдықпен қарсыластарын жеңіп, ел мерейін асырды.


Қазақстан құрамасы биылғы қарашада тарихта тұңғыш рет ірі турнирге қатысу мүмкіндігі бар. Іріктеу кезеңінің аяқталуына енді бір тур қалды. Магомед Адиевтің командасы Словениямен бірге топтан тікелей шығуға ұмтылуда.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #жеңіс #футбол #Сан-Марино
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);