Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Ұмай» көңілге күдік ұялатады

«Ұмай» көңілге күдік ұялатады

Әлеумет 11.05.2023, 04:20 1,263
«Ұмай» көңілге күдік ұялатады
Сурет: ашық дереккөз
 «Ұмай» ипотекасына өтінім қабылдау басталды. Дегенмен бағдарламаға өтініш беру түске дейін толып кеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz BAQ.kz-ке сілтеме жасап. 





Осы орайда, бағдарламаның оң тұстары мен олқылықтарына байналысты сарапшылардың пікірін біліп, өтінім беріп үлгермеген аналардың шағымына құлақ астық.



"Мен бүгін "Отбасы банкке" барған едім. Сағат 12:30 да бағдарлама жабық деп қайтарып жіберді. Бағдарлама таңғы 09.00-де ашылып, үш сағатта қалай толып кетеді? Сонда кімдер алып үлгерді? Осыны түсінбей дал болдым. Банкте кезек күткен азаматтардың қарасы өте көп. Бәріміз құжаттарымызды тапсыра алмай сандалып қалдық", – дейді қала тұрғыны Гаухар Ілясова.



Қаржы сарапшысы Айбар Олжаевтың пікірінше, ипотеканың тиімді тұстары жетерлік.



"Менің ойымша «Ұмай» ипотекасы тиімді. Себебі оның ставкасы 14%. Ал бізде базалық ставка - 16,75%. Банктікі орта есеппен 21-22% болады. Сондықтан базалық ставкадан төменгі кез келген ипотека тиімді. Одан бөлек ипотеканың сомасы өте жақсы 15,6 млрд теңге. Қысқарған, шектелген лимит жоқ. Алғашқы жарнасы да өте қолжетімді. Азаматтарға өте ыңғайлы ипотека. Бұл ипотекаға сұраныс жоғары екенін естіп жатырмын", – дейді Айбар Олжаев.



Тұрғындар соңғы уақытта үкіметтік бағдарламаларға тапсыру жарыс секілді болып кеткенін айтып шағымданды.



Біздің елімізде 19 млн адам емес, 180 млн адам тұратын секілді. Халықтың басым көпшілігінде үй жоқ. Ауылды мекендерде жұмыс жоқ. Бәрі қалаға қарай көшеді. Алматы қаласында тұрып жатқанымызға 20 жылдан астам уақыт өтті. Әлі күнге үй ала алмай жүрміз. Өзім жалғызбасты анамын. Екі бірдей ұл тәрбиелеп отырымын. Әлі күнге жалдамалы пәтерде тұрып жатырмыз. Соңғы уақытта барлығы жарыс секілді болып кетті. 4%-пен көлік алу 18 секундта жабылған еді. Енді «Ұмай» ипотекасына өтініш беріп үлгермедік. Балаларымызды тегін қосымшаға жазу кезінде де сайттан қателік шығып, келесі күні балалардың толып кетекені жайлы хабар шықты. Тиімді бағдарламаға қатысу үшін бәріміз жанталасуымыз қажет секілді, – дейді Бақыт Тұрғынбай есімді қала тұрғыны.



Аталған жағдайдың мән-жайын сұрап «Отбасы банктің» бөлімшесіне хабарластық.



"Өтініштер онлайн және офлайн қабылданды. Азаматтар кезекпен тұрып, құжаттарын тапсырды. 15,6 млрд қаржы игерілгендіктен, бағдарлама жабылды. Алдағы уақытта қанша адамның құжаты қабылданғаны жайлы ақпарат шығады, – деп хабарлады «Отбасы банкте».






Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұмай #ипотека #Уақыт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.