AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұлытауда түйінді мәселелері талқыланды

Ұлытауда түйінді мәселелері талқыланды

Әлеумет 15.05.2025, 15:21 992
Ұлытауда түйінді мәселелері талқыланды
gov.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында өңір басшысы Дастан Рыспековпен кездесу және облыс активімен кеңес өткізді. Кездесулер барысында ведомство енгізген цифрлық шешімдерді қолдану есебінен әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі мен атаулылығын арттырудың түйінді мәселелері талқыланды.

Облыс әкімімен кездесу барысында Мемлекет басшысының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау, кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өмір сүру сапасын арттыру және мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта құру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Активпен өткен кеңесте Светлана Жақыпова Еңбек министрлігі енгізген цифрлық құралдардың мүмкіндіктерін көрсетті. Атап айтқанда, ол мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыруға және сапалы жоспарлауға арналған жобалардың инновациялық навигаторы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Жүйе кадрларға деген қажеттілікті болжауға, инвестициялар көлемі, жобаларды іске асыру кезеңдері және жұмыс орындарын құру бойынша нақты көрсеткіштер туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

  «Осылайша, біз өңірлерге өз жобаларын іске асыруға және халықты нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге көмек көрсеткіміз келеді», – деп атап өтті Еңбек министрлігінің басшысы.

Отбасының цифрлық картасы (бұдан әрі – ОЦК) мемлекеттік органдарға мемлекеттік қолдауға мұқтаж қазақстандықтарды анықтауға және қажетті шараларды жедел қабылдауға, әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ОЦК азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқылы екендігі туралы күнделікті «электрондық хабарлама» болып табылады. Қазіргі уақытта Отбасының цифрлық картасы қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 11 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді.

Бұл ретте ОЦК-мен ұқсас түрде Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасы әзірленді және енгізілді, бұл қызметкерлерге тиісті еңбек жағдайлары мен жалақы төлеуді қамтамасыз ету мониторингін жүргізуге, ықтимал еңбек жанжалдарына уақтылы ден қоюға және оларға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін болады.

Еңбек министрлігінің басшысы осы және өзге де цифрлық шешімдер азаматтардың еңбек құқықтарын және мемлекеттік кепілдіктерге тең қол жеткізуді, халыққа қолдау шараларын көрсету кезінде ашықтық пен әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#отбасы #карта #Светлана Жақыпова
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);