AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұлытау облысында бір күнде төрт теміржол вокзалы а...

Ұлытау облысында бір күнде төрт теміржол вокзалы ашылды

Әлеумет 26.09.2026, 20:31 240
Ұлытау облысында бір күнде төрт теміржол вокзалы ашылды
Ұлытау облысы әкімдігі

Жаңғыртылған вокзалдар заманауи талаптарға сай жабдықталған, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бүгін Ұлытау облысында төрт теміржол вокзалы жаңғыртылып, жолаушыларға қайта пайдалануға берілді. Жаңарған нысандар Жезқазған, Қаражал қалаларында, Жаңаарқа ауданында және Қызылжар бекетінде орналасқан.

Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Үкіметтің қолдауымен еліміздегі 125 теміржол вокзалын жаңғырту жобасы аясында, ҚР Көлік министрілігі, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Ұлытау облысының әкімдігімен бірлескен жұмыстардың нәтижесінде жүзеге асырылды.

Жаңғыртылған вокзалдар заманауи талаптарға сай жабдықталып, жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен вокзалдардың жаңартылуы өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынып жатқан «Қызылжар–Мойынты» теміржол желісі облысымыздың дамуына тың серпін беріп қана қоймай, еліміздің транзиттік әлеуетін арттыратыны сөзсіз. Жалпы, облысымызда көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Теміржол қатынасын жақсартумен қатар, автомобиль жолдарының сапасын арттыруға да басымдық берілуде. «Жезқазған–Қызылорда» автожолындағы жұмыстар бүгінде 90 пайызға орындалды. Жақын айларда көлік қозғалысын ашу жоспарланып отыр. «Жезқазған–Қарағанды» бағытында биыл жер төсемін салу және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жұмыстарын толық аяқтау көзделген. Сондай-ақ «Ұлытау–Арқалық» жолының 89 шақырымдық бөлігін жөндеу жұмыстары қазан айында аяқталады», – деді облыс әкімі.

Жезқазған теміржол вокзалының ғимараты 1941 жылы салынған. Содан бері алғаш рет кешенді жаңғыртудан өтіп отыр. Жоба аясында вокзал ғимаратының аумағы 541 шаршы метрден 2 500 шаршы метрге дейін ұлғайтылды.

Жаңартылған вокзал бір мезгілде 500-ге жуық жолаушыны қабылдап, тәулігіне 2 мыңға жуық азаматқа қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Бүгінде Ұлытау облысын еліміздің алты облысымен байланыстыратын теміржол бағыттары бойынша жолаушылар пойыздары қатынайды. Жаңғыртылған вокзалдар өңір тұрғындары мен қонақтарына жайлы әрі қауіпсіз қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);