ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Ұлыбританиялық энергетик Neo Nomad визасының алғаш...

Ұлыбританиялық энергетик Neo Nomad визасының алғашқы иегері атанды

Білім және ғылым 02.12.2024, 19:13 753
Ұлыбританиялық энергетик Neo Nomad визасының алғашқы иегері атанды
ҚР Туризм және спорт министрлігі
Энергетика және қаржы саласында тәжірибесі бар Ұлыбритания азаматы Сертач Йенер Neo Nomad визасын алғашқылардың бірі болып алды. Ол Қазақстанның мәдениеті, табиғаты және тағамдарымен жақынырақ...

Энергетика және қаржы саласында тәжірибесі бар Ұлыбритания азаматы Сертач Йенер Neo Nomad визасын алғашқылардың бірі болып алды. Ол Қазақстанның мәдениеті, табиғаты және тағамдарымен жақынырақ танысуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Сертач Йенердің қызы Чикаго университетінде «Қазақ тілі және Орталық Азия зерттеулері» мамандығы бойынша білім алған. Сондықтан ол қазақ тілін бұрыннан жақсы біледі. Neo Nomad Visa визасы алғаш рет Қазақстанның БАӘ елшілігінде берілді. Визаны алған Сертач Йенер жуырда Қазақстанға келуді жоспарлап отыр. Ол бұрыннан Қазақстанның табиғаты, дәстүрі, музыкасы және асханасымен танысуды армандаған.

«Қазақстан – керемет ел! Neo Nomad визасы бізге Қазақстанда бір жылға дейін болуға мүмкіндік береді. Бұл виза менің шетелдегі жұмысымды қашықтан жалғастырып, Қазақстанды тереңірек танып-білуге жол ашады», – деді ол.

Сертач Йенер – энергетика саласының маманы. Қазіргі таңда ол АҚШ-та таза энергия жобасын әзірлеумен айналысады. Айта кетейік, Neo Nomad виза бағдарламасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Туризм және спорт, Сыртқы істер, Цифрлық даму, Ішкі істер министрліктерінің және Kazakh Tourism ұлттық компаниясының қатысуымен енгізілді. Бұл виза шетелдік туристерге мобильді болуға, өздерінің шетелдегі компанияларында қашықтан жұмыс істеуге және Қазақстанда бір жылға дейін тұруға мүмкіндік береді. Жаңа В12-1 визасын алу үшін шетелдегі Қазақстан елшілігіне немесе консулдық мекемелеріне жүгіну қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.