ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Ұлы тұлға есімі ұлықталды

Ұлы тұлға есімі ұлықталды

Мәдениет 20.10.2023, 06:42 1,464
Ұлы тұлға есімі ұлықталды
almaty-akshamy.kz
«Ұлы Абылай хан – таңдаулы деректер үзіндісі» қойылымы сахналанды

 «Ұлы Абылай хан – таңдаулы деректер үзіндісі» қойылымы сахналанды


 


Ұлы тұлғалар есімі ұмыт болмауы тиіс. Ұрпағы үнемі еске алып отырғаны абзал. Халқымыз «әруақ разы болмай, тірі байымайды» дейді. Осы орайда Алматыда «Трансформа» шығармашылық жастардың көпсалалы мәдени кеңістік алаңында қазақтың ұлы билеушісі Абылай ханның өміріне байланысты сахнада қойылымы қойылды.


Бабалар есімін ұлықтаған қойылым Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Қоғамдық даму орталығының ұйымдастырумен өтті. Іс-шара егемендіктің нышаны Республика күні қарсаңында ұйымдастырылды.



Ұлы Абылай хан есімі бәріміз үлгі алатындай саяси тұлға. Қазақ хандығының тоқырау жылдарында ел тізгінін қолға алған ол мемлекеттілікті нығайтты. Батыл сыртқы саясатты жүзеге асырып, ел бірлігін сақтауға бар күш-жігерін салды. Саясаткердің дипломатиялық қабілеті елдің солтүстігіндегі алып ел Патшалық Ресей мен шығыстағы Цин елімен терезесі тең саясат жүргізуге мүмкіндік берді.



Ол кезеңде Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы да мәз емес еді. Бір орталыққа бағыну сияқты құндылық жоғала бастаған. Әр сұлтан бас-басына би болған заман. Сондай қилы заманда ел тізгінін ұстаған тұлға есімі әсіресе жастар арасында дәріптелуі тиіс. Бұл тұрғыдан алар болсақ іс-шараның өз мақсатына жеткеніне көзіміз жетті. Себебі, қойылымды көруге келген жастардың саны көп, тіпті орын жетпей түрегеп тұрып қарауға тура келді. Қойылымды тамашалауға келген жастар рухани азық алды.


Қойылым Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрадалық-цирк колледжі сияқты қаламыздағы шығармашылық оқу орындарының студенттерінің қатысуымен сахналанды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,264 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.