AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Улы тәтті: балалар жейтін слаштың зиянды әсері

Улы тәтті: балалар жейтін слаштың зиянды әсері

Әлеумет 13.03.2025, 12:17 903
Улы тәтті: балалар жейтін слаштың зиянды әсері
видеодан алынды

Көптеген елдерде кең таралған және балалар арасында танымал слаш сусынының құрамында зиянды заттар болуы мүмкін. Бұл сусын жеміс шырыны мен газды судан жасалып, оның үстіне мұз қосылады. Мұздың тез ерімеуін және десерттің дәмін сақтау үшін слашқа глицерин қосылады. Алайда, бұл балалар үшін өте зиянды болуы мүмкін, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Ұлыбританияның Тағам стандарттары жөніндегі агенттігі 5 жасқа дейінгі балаларға слаш сусындарын бермеуді ұсынады. Ал 11 жасқа дейінгі балаларға күніне тек 1 стақаннан артық ішпеуге кеңес береді. Егер бұл нормалар бұзылса, бала ағзасында глицерин көбейіп, гипогликемияға (қанда глюкозаның күрт төмендеуі) әкеліп, тіпті естен тануға себеп болуы мүмкін. Ұлыбританияда осы жағдаймен 20-дан астам бала ауруханаға түскен.

Зерттеу нәтижелері Archives of Disease in Childhood журналында жарияланған. Балалар ауруханадан сауығып шыққаннан кейін слашқа жоламайтын болды.

Қазақстанда да мектеп жанындағы дүкендерде түрлі түсті және арзан тәттілер көп сатылады. Көбінесе санитарлық талаптар сақталмайды, бұл балалардың денсаулығына қауіп төндіреді. Ата-аналар балалардың не жеп жүргенін бақылап, олардың денсаулығына көңіл бөлуі маңызды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тәтті өнімдер #балалар #тағам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);