ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Алматыда 1 млн те...

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Алматыда 1 млн теңгеден бөлінеді

Әлеумет 25.04.2022, 12:17 1,259
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Алматыда 1 млн теңгеден бөлінеді
magnolia.kz
Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XVIII сессиясы өтті, онда депутаттар Алматы қаласы әкімдігінің әр соғыс ардагеріне 1 млн теңге көлемінде төлем бөлу туралы ұсынысын қолдады, деп хабарлайды...

Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XVIII сессиясы өтті, онда депутаттар Алматы қаласы әкімдігінің әр соғыс ардагеріне 1 млн теңге көлемінде төлем бөлу туралы ұсынысын қолдады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде мегаполис әкімі Ерболат Досаев ардагерлерді материалдық қолдау бастамасын ұсынған болатын.


Жеңіс күні құрметіне:


⮚ Ұлы Отан соғысының 75 қатысушысы мен мүгедектері 1 млн. теңгеден біржолғы төлем алады.


⮚ Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген азаматтар, ҰОС майдангерлерінің жесірлеріне, Ауғанстандағы ұрыс қимылдарында қаза тапқан азаматтардың отбасыларына, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, яғни 4544 адам 100 мың теңгеден төлем алады.


⮚ 10 мыңнан астам азаматқа, оның ішінде еңбек майданына қатысушыларға 50 мың теңгеден төлемдер жоспарланған.


Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағында санаторлық-курорттық емделу үшін өтемдер қарастырылған мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі кеңейтілді. Төлемдер мереке күндеріне дейін жүргізіледі.


Бұдан бөлек, депутаттар Алматы қаласының көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарының жобасын қабылдады.



Жоспар шеңберінде «Қалқаман» станциясынан «Барлық» базарына дейін метрополитеннің 5.2 км ұзындығымен бірінші желісінің үшінші кезегін салу, Саин көшесі мен Мөңке би (Ақын Сара) көшесінің қиылысында көлік жолайрығын салу көзделген.


Сонымен қатар, қаланың 8 шағын ауданында ұзындығы 140,4 км жол салу жоспарланған, олардың қатарында Шапағат, Боралдай, Теректі, Рахат-Мәдениет, Шұғыла, Ақжар, Маяк, Мәдениет шағын аудандары бар. Ұзындығы 39,7 км болатын 10 магистральды көшені тесу (тесіп ұзарту) жүзеге асырылады.



Жалпы жоспарға сәйкес, әкімдік тарапынан жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 2025 жылға дейін 86%-дан 95%-ға дейін арттыру жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,441 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,332 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,184 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.