ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Ұлы Абайдың тұңғыш кітабы туралы фильм көрерменге...

Ұлы Абайдың тұңғыш кітабы туралы фильм көрерменге жол тартады

Мәдениет 30.09.2025, 14:16 597
Ұлы Абайдың тұңғыш кітабы туралы фильм көрерменге жол тартады
Cурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында,...

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде.

Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй - жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания архивтерінде, жекелеген музейлер мен альбомдарда жинақталғаны белгілі. Біразы Орталық музей қорында бар. Міне, деректі фильмде осы суреттерде пайдаланылады. Қысқаша түсініктеме берсек, Абай заманынан, қоршаған ортадан ақпар беретін таңдама фотосуреттер нақты драматургия бойынша орналастырылып, құрастырылады. Содан соң ол суреттерге 3D, VFX тәсілдерін ретіне қарай пайдалана отырып, рельеф, қимыл  қозғалыс жүктеледі. Шығармашылық топ Абайдың алғашқы кітабын жарыққа шығарған Кәкітай жолымен жүріп өтеді.

Абай дүниеден өткен соң, Тұрағұл Абайұлы мен Кәкітай Ысқақұлының ұйымдастыруымен ел ішіндегі Абайдың қағаз бетіне түскен шығармалары жинақтала бастайды. Абайдың шәкірттері Көкбай, Уәйіс, Бейсембай сияқтылардың аузынан негізгі өлеңдер жазылып алынады. Жинақталған, жүйеленген шығармаларды Мүрсейіт Бікеұлы мен Тұрағұл көшіріп, қағаз бетіне түсіреді. Бұл уақытта Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ» газетіне Абай туралы «Қазақтың бас ақыны» деген мақаласы жарық көреді. Абай шығармаларын жианқтап, баспаға беру ісіне Әлихан Бөкейханов үлкен атсалысады. Дайын болған қолжазбаны алып, Кәкітай Семейге аттанды. Осылайша Абайдың тұңғыш кітабының тарихы басталады. Кітапты бастыру ісінде көптеген қиындықтар мен кедергілер кездеседі. Қаражат мәселесі шешілмейді... Семейге кеткен Кәкітай Омбы, Қазанды аралап, Санкт Петербургке барып, бір жылдан соң елге бір-ақ оралады. Абайдың кітабы 3 жылдан соң, 1909 жылы Семейге жетеді. Ел аузындағы әңгімеде, Кәкітай кітап қолына тигенде ешқайда бармай, әуелі кітаптың шығуына қаржылай қолдау көрсеткен Бекбайды құшақтап, «Өшкенім – жанды... Абай ағам тірілді...» - деп жылапты дейді. Сол уақыттағы мұсылман әдебиеттерін шығаратын Илья Бораганский Әлихан Бөкейхановтың өтінішімен кітапқа атақты тюрколог Мелиоранскийді жауапты редактор етіп бекіткен дейді. Мелиоранский Семейдегі Әниярдың үйіне кітаптың дайын болған парақтарын поштамен жіберіп тұрған, ол оны елге жіберген, Кәкітай Шыңғыстауда отырып, қате тұстарын жөндеген дейді. Естелік көп, алып-қашпа әңгімеде жетеді. Ең бастысы бұл фильм ұлы Абайдың алғашқы кітабының жарыққа шығуы жайын жан-жақты баяндайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.