ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / Ұлттық ұланның әскери қызметшілері ТЖМ-мен бірлесі...

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері ТЖМ-мен бірлесіп Ақтөбе облысындағы су тасқыны салдарын жоюда

Оқиға 02.04.2022, 09:54 1,395
Ұлттық ұланның әскери қызметшілері ТЖМ-мен бірлесіп Ақтөбе облысындағы су тасқыны салдарын жоюда
Cурет: ҚР Ұлттық ұлан
Ұлттық ұланның әскери қызметшілері әрқашан көмекке келуге дайын

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері әрқашан көмекке келуге дайын


Ақтөбе қаласының аумағында су тасқыны жағдайын жоюға 6655 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальонынан 60 әскери қызметші жұмылдырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Су тасқыны жағдайына байланысты, Ақтөбе облысы әкімінің шешімімен 31 наурыз күні сағат 20.00-ден бастап Ақтөбе облысы ТЖ департаментінің аумағында жедел штаб құрылды.


Құтқару жұмыстарына Ұлттық ұлан 6655 әскери бөлімінің командирі полковник Мирас Тұрдалин 60 әскери қызметшіден тұратын жедел әскери резервтің құтқару жасағын, сондай-ақ екі арнайы құтқару техникасын бөлді.




«Негізгі күш-жігер төтенше жағдай ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жұмылдырылған. Ауданның жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, тұрғындарды эвакуациялау және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылды. Халыққа көмек қауіпсіздік шараларын толық сақтай отырып жүргізілуде», - дейді 2 жедел мақсаттағы батальоны 3 ротасының командирі капитан Н. Молдашев.



Ұлттық ұланның әскери қызметшілері әрқашан көмекке келуге дайын. Өздерінің функционалдық міндеттеріне сәйкес, олар табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қатысады.
Тез және тиімді әрекет ету арқылы құқықтық тәртіп әскерлері іс жүзінде адамдарға көмектесуге дайын екендіктерін дәлелдеді. Бұған Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының тұрғындары маусымдық су тасқыны кезінде, сондай-ақ Мақтаарал ауданының тұрғындары 2020 жылы су тасқынын жою кезінде көз жеткізді.


Сонымен қатар, ұландықтар жыл сайын қатты аязда қалааралық жолдарда қалғандарды қар құрсауынан шығарады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,264 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.