ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Ұлттық ұлан сарбаздарының қырағылығы үлгі болды

Ұлттық ұлан сарбаздарының қырағылығы үлгі болды

Алматы 14.12.2025, 12:58 360
Ұлттық ұлан сарбаздарының қырағылығы үлгі болды
Сурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
Тараз қаласында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген 5513 әскери бөлімінің әскери жасағы қызметтік міндетін атқару барысында жол шетінде жерде жатқан қымбат маркалы ұялы...

 

Тараз қаласында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген 5513 әскери бөлімінің әскери жасағы қызметтік міндетін атқару барысында жол шетінде жерде жатқан қымбат маркалы ұялы телефонды байқап қалады. Табылған зат туралы олар дереу әскери жасақ кезекшісіне хабарлайды.

Аз уақыттан кейін телефонға қоңырау түскен. Қоңырау соғушы – ұялы телефонын жоғалтып алған жас тұрғын екен. Жоғалған затын іздеп келген бозбаланың шынымен де телефон иесі екеніне көз жеткізгеннен кейін, әскери жасақ оны учаскелік полиция пунктіне жеткізіп, қажетті құжаттарды ресми түрде рәсімдеп, телефонды иесіне қайтарды. Әскери жасақ құрамында топ бастығы қатардағы Вячеслав Ким және патрульдеуші сарбаз қатардағы Александр Остапенко болды. Топ жетекшісі өздеріне жүктелген міндеттің маңызын атап өтті:

-Ұлттық ұлан сарбазы үшін ең бастысы – тәртіп пен адалдық. Біз табылған затты иесіне қайтару арқылы өзіміздің азамат алдындағы жауапкершілігімізді көрсеттік. Біз қызметте өте қырағы әрі адал болуымыз керек, – деді қатардағы Вячеслав Ким.

Телефон иесі ұландық сарбаздарға шынайы алғысын білдіріп, олардың адал қызметіне ризашылығын жеткізді.

Қырағылық пен әділдік – Ұлттық ұлан жауынгерінің басты қаруы. Мұндай игі істер әскери қызметшілердің ел алдындағы адал міндетін тағы бір дәлелдей түсті.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.