ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Сайлау-2023 / Ұлттық ұлан сарбаздары алғашқылардың бірі болып да...

Ұлттық ұлан сарбаздары алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Сайлау-2023 19.03.2023, 07:08 774
Ұлттық ұлан сарбаздары алғашқылардың бірі болып дауыс берді
almaty-akshamy.kz
Ұлттық ұланның әскери қызметшілері де ел тағдырын шешетін бұл науқаннан тыс қалмады. Әскердің жеке құрамы өз таңдауларын жасап, дауыс беруді аяқтады.

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері де ел тағдырын шешетін бұл науқаннан тыс қалмады. Әскердің жеке құрамы өз таңдауларын жасап, дауыс беруді аяқтады.


Таңғы сағат 06.00-де Алматыдағы 5571 әскери бөліміндегі №107 дауыс беру учаскесіне алғашқылардың бірі болып Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Талапкер Әміреев келіп, өз дауысын берді.


«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Ниязтай Әлкешевтің айтуынша, әскери бөлімдерде ашылған сайлау учаскелерінде дауыс берушілердің белсенділігі өте жоғары болды. Әскери қызметшілердің жеке құрамы ғана емес, олардың отбасы мүшелері де саяси науқанға түгел қатысқан.


Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлікке қарасты әскери бөлімдердегі Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп жүрген жауынгерлер әскери қалашықтар аумағында орналасқан 9 сайлау учаскесінде дауыс берді.


Олардың арасында дауыс беруге алғаш рет қатысқандар көп. 18-ге енді толған, тұңғыш рет дауыс беру құқығына ие болған жас сарбаздарға арнайы сыйлықтар табысталды. Тұңғыш рет дауыс берушілердің бірі – 5571 әскери бөліміндегі қатардағы Санжар Төлегенов:


— Мен тәуелсіз Қазақстанның азаматы ретінде елімізде оң өзгерістердің болғанын қалаймын. Сол үшін бүгін азаматтық парызымды атқарып, дауысымды бердім, — дейді.


— Біз дауыс беруді қорытындыладық. Әскери бөлімдердегі барлық сайлау учаскесінде жеке құрам еліміздің болашағы үшін өз дауыстарын берді. Ешқандай құқық және ереже бұзушылықтар анықталған жоқ, — деді полковник Ниязтай Әлкешев.


Айта кетейік, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде сайлау құқығы бар 9000-ға жуық азамат қызмет етеді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.