AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Ұлттық ұлан батыры оқушылармен кездесті

Ұлттық ұлан батыры оқушылармен кездесті

Алматы 04.09.2026, 09:51 486
Ұлттық ұлан батыры оқушылармен кездесті
Фото: Ұлттық Ұлан

Оқушылар ерлік, Отан алдындағы борыш, жауапкершілік, батылдық, қайсарлық және тәртіп секілді қасиеттер жөнінде өз ойларын ортаға салды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты №210 мектеп-лицейде оқушылардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, әскери қызметтің маңызын түсіндіру және жас ұрпақты ерлікке тәрбиелеу мақсатында «Біртұтас ел – біртұтас жер» тақырыбында Ерлік сабағы өтті.

Сабақтың басты кейіпкері – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 7552 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, аға сержант Өркен Мәжіт. Ол әскери қызмет барысында өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқарып, батылдығы мен қайсарлығын, әскери борышына адалдығын талай мәрте дәлелдеген.

Іс-шара барысында оқушыларға Отан қорғау әр азамат үшін қасиетті парыз екені айтылып, ерлік пен батырлықтың мәні түсіндірілді. Сондай-ақ ел тыныштығын күзетіп жүрген әскери қызметшілердің күнделікті қызметі мен жауапты міндеттері туралы әңгіме өрбіді.

Ерлік сабағын 7552 әскери бөлімінің мемлекеттік тіл маманы, кіші сержант Гүлжан Қарабалина жүргізді.

Сабақ барысында оқушылар ерлік, Отан алдындағы борыш, жауапкершілік, батылдық, қайсарлық және тәртіп секілді қасиеттер жөнінде өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар аға сержант Өркен Мәжіттің әскери қызмет жолы мен азаматтық батылдығы туралы бейнеролик көрсетілді.

Кездесу соңында «Ерлік – ұмытылмайды. Ерлік – ұрпаққа өнеге» деген тағылымды ой айтылып, Отанды сүю, туған жерді құрметтеу және ел болашағына өз үлесін қосу әр азаматтың міндеті екені атап өтілді.

Мектеп-лицей директорының орынбасары Салтанат Ашимбаева іс-шараны ұйымдастырған ұландықтарға ризашылығын білдіріп, директордың атынан Алғыс хат табыс етті.

- Ерлік – тек қару ұстап, майданда шайқасу емес. Ерлік – Отанға деген адалдықтан, өз міндетіңді жауапкершілікпен орындаудан, қиындыққа мойымай, ел қауіпсіздігін қорғауға дайын болудан көрінеді. Бүгінгі бейбіт өмір – елін қорғаған батырларымыздың және қазіргі таңда Отан тыныштығын қамтамасыз етіп жүрген әскери қызметшілердің еңбегінің нәтижесі. Сондықтан олардың ерлігі – жас ұрпаққа өнеге, елге деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі, – дейді директордың орынбасары Салтанат Ашимбаева.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 27 мамырда Алматы қаласында аға сержант Өркен Мәжіт бейбіт тұрғынға жасалған қастандықты дер кезінде тоқтатып, зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, шұғыл қызметтерді шақырған. Оның батыл әрекетінің арқасында қылмысқа қатысы бар адамдар дереу ұсталып, кейін сот үкімімен жауапқа тартылды.

Оқиға кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін аға сержант Өркен Мәжіт мемлекеттік награда «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің ерлік жолы – жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелейтін өмірлік өнеге. Батырлардың ерлігі – ел жадында, ал олардың өнегесі – келер ұрпаққа аманат.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);