ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық тестілеуден сәтті өткен педагог-психологтер...

Ұлттық тестілеуден сәтті өткен педагог-психологтерге қосымша ақы төленеді

Әлеумет 03.10.2021, 10:43 1,302
Ұлттық тестілеуден сәтті өткен педагог-психологтерге қосымша ақы төленеді
Cурет: Baq.kz
Жалпы білім беретін мектептерде 7 652 педагог-психолог жұмыс істейді

Жалпы білім беретін мектептерде 7 652 педагог-психолог жұмыс істейді


Білім және ғылым министрлігі Сенат депутаты Дана Нұржігітованың педагог-психологтарды даярлау туралы жолдаған депутаттық сауалына жауап берді. Айтуынша, 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап ұлттық тестілеуден сәтті өткен жағдайда педагог-психологтерге педагогикалық шеберлік санаты беріледі және қосымша ақы төленеді, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz Вaq.kz-ке сілтеме жасап.


Министрлік мәліметіне сәйкес, жалпы білім беретін мектептерде 7 652 педагог-психолог жұмыс істейді. Өңірлерде 1 876 психологиялық қызмет жұмыс істейді, онда 11 мыңнан астам маман қызмет атқарады.



«Білім беру ұйымдары Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына сәйкес педагог-психологтің штат бірліктерімен қамтамасыз етіледі. 2021-2023 жылдар аралығында республикалық бюджет есебінен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ базасында 97 672 млн теңге сомасына 1 535 педагог-психологтың біліктілігін арттыру жоспарланған. 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап ұлттық тестілеуден сәтті өткен жағдайда педагог-психологтерге педагогикалық шеберлік санаты беріледі және қосымша ақы төленеді (педагог-шеберге – 50%; педагог-зерттеушіге – 40%; педагог-сарапшыға – 35%; педагог-модераторға – лауазымдық жалақысының 30%-ы)» – деді БҒМ вице-министрі Бибігүл Асылова.



Сонымен қатар білім беру ұйымдарында психологиялық қызмет жүйесін одан әрі дамыту үшін қолда бар деректер бойынша қосымша 6 900-ден астам педагог-психолог қажет. Баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі мәселелерін шешу жөніндегі 2020-2023 жылдарға арналған жол картасының шеңберінде мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарына өзгерістер енгізу көзделген, бұл педагог-психологтер штатын ұлғайтуға мүмкіндік береді.




«Жол картасы шеңберінде педагог-психологтердің қызметін әдістемелік сүйемелдеу бойынша іс-шаралар көзделгенін атап өту қажет. Жергілікті деңгейде педагог-психологтердің қызметін әдістемелік сүйемелдеуді және үйлестіруді қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік орталықтар жұмыс істейді. Педагог-психологтердің қызметін әдістемелік сүйемелдеу бөлігінде министрлік шетелдік әріптестермен (UNICEF) және үкіметтік емес ұйымдармен тығыз жұмыс жүргізіп жатыр», – деді вице-министр.



Оның айтуынша, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының базасында Психология, тәрбиелеу және тұлғаны дамыту орталығы құрылды. Орталықтың қызметі өңірлердің психологиялық қызметтеріне жетекшілік ететін барлық оқу-әдістемелік орталықты үйлестіруге, сондай-ақ білім беру ұйымдарының педагог-психологтерін әдістемелік қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазіргі уақытта министрлік орталықпен бірлесіп өңірлік оқу-әдістемелік орталықтар мен психологиялық қызметтердің жұмысын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде, сондай-ақ өңірлерде іс жүзінде іске асыру үшін Психологиялық-педагогикалық жүйенің мониторингі бойынша бірыңғай бағдарлама әзірленіп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,277 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.