AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына жаңа басшы кел...

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына жаңа басшы келді

Әлеумет 09.09.2022, 11:47 1,233
Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына жаңа басшы келді
Сурет: Gov.kz

Бұл қызметке Исламбек Салжанов сайланды. 


Қазақ ұлттық спорт түрлері қауымдастығына жаңа басшы келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап. 


Қазақ ұлттық спорт түрлері қауымдастығының жаңа президенті болып белгілі кәсіпкер және меценат, Altyn Qyran Foundation қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов сайланды. Бұл туралы Қауымдастық құрылтайшыларының онлайн және офлайн форматта өткен жиналысы барысында белгілі болды.


Айта кетейік, Қазақ ұлттық спорт түрлері қауымдастығы көкпар, аударыспақ, бәйге, жамбы ату, теңге ілу, тоғызқұмалақ және т.б. спорт түрлерін біріктіреді. Бұған дейін ұйымды Бекболат Тілеухан басқарған болатын.



«Тәуелсіздік жылдарында ұлттық спорт түрлерін насихаттау және дамыту бағытында айтарлықтай жұмыс атқарылды. Жарыстар республикалық және халықаралық деңгейде өткізілді, қажетті инфрақұрылым пайда болды. Бүгінде Қауымдастық алдында жаңа міндеттер тұр, оларға қол жеткізу үшін барлық тараптардың күш-жігерін біріктіру қажет», – деді жиын барысында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.



Өз кезегінде Исламбек Салжанов жиынға қатысушыларға сенім білдіргені үшін алғыс айтты.



«Біздің қауымдастық балалар спортына ерекше назар аударуы қажет. Бұған қоса, ұлттық спорт стандарттарын бекітіп, жаңа форматтарды енгізуді жоспарлап отырмыз. Мәселен, ұлттық ат спортын жаңғырту өте маңызды», – деді Исламбек Салжанов.



Қатысушылар қауымдастықтың бұрынғы басшылығы атқарған жұмыстарды және ұлттық спорт түрлерін дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.


Сондай-ақ құрылтайшылардың жалпы жиналысы барысында Ұлттық спорт қауымдастығының 2019-2022 жылдары атқарған қызметі туралы есеп тыңдалып, бірлестіктің жаңа басшылық құрамы сайланды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #Қазақстан #басшы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);