Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық қорға 100 млрд доллар жинау жоспарлануда

Ұлттық қорға 100 млрд доллар жинау жоспарлануда

Әлеумет 14.04.2023, 16:41 824
Ұлттық қорға 100 млрд доллар жинау жоспарлануда
Сурет: ашық дереккөз

ҚР Ұлттық банкі 2030 жылға дейін Ұлттық қордың активтерін басқару жөніндегі тұжырымдаманы дайындады. Жоба «Ашық» НҚА порталында жарияланды,деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Abai.kz-ке сілтеме жасап. 


Ұлттық банк дерегінше, тұжырымдама инвестициялық саясатты, Ұлттық қордағы активтерді басқарудың негізгі қағидалары мен тәсілдерін айқындайды.



«Тұжырымдамада активтерді стратегиялық аллокациялауды жүзеге асыру үшін қажетті Ұлттық қор қаражатын ұзақмерзімді инвестициялау қағидаты белгіленген. Бұл тәуекелді және қорғаныс активтер класын құрамдастырып қолдануға мүмкіндік береді. Ұлттық қордағы жинақ портфелінің үлесі келесідей бөлінеді: 60% - облигациялар, 30% - акциялар, 5% дейін балама құралдар және 5% дейін - алтын. Жаңаша бөлу облигациялар портфелін дамыған елдердің мемлекеттік облигацияларына, корпоративтік облигацияларға және дамушы елдердің мемлекеттік облигацияларына да әртараптандыруды көздейді», - деп жазылған құжатта.



Сонымен қатар бекітілуі мүмкін тұжырымдама инвестициялық процестің негізі болмақ. Бұған қоса, ол Ұлттық қордағы активтерді басқару тиімділігінің көрсеткіштерін анықтайды.



«Тұжырымдаманың мақсаты – Қазақстан Ұлттық банкінің ұзақмерзімді институционалдық инвестор ретіндегі мәртебесін растау үшін қажетті іргетасты нығайту және негіздерді бекіту. Тұжырымдаманы іске асыру, яғни, онда белгіленген шектеулерді, қағидаттар мен тәсілдерді сақтау 2030 жылға қарай 100 млрд доллар жинақтауға және «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының табысты жұмыс істеуіне ықпал етеді», - деп түсіндірме берілген тұжырымдамаға.



Құжат негізінде инвестициялық портфельді әртараптандыру, қорғаныс стратегиясы мен ESG қолданудың басымдықтарын айқындау міндеті қойылған. Тиісінше, аталған бағыттар бойынша қолға алынатын істер Ұлттық қордың кірістілігін арттырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұлттық қор #теңге #Доллар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.