Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық қордың ақшасы ақпан айында түсе бастайды

Ұлттық қордың ақшасы ақпан айында түсе бастайды

Әлеумет 03.01.2024, 13:21 1,174
Ұлттық қордың ақшасы ақпан айында түсе бастайды
Сурет: Astanatv.kz

1 қаңтардан бастап Қазақстанда "Ұлттық қор – балаларға" жобасы шеңберінде балаларға ақша аудару туралы Президент жарлығы күшіне енді. Қаражат балалардың есеп-шотына автоматты түрде түседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жоба жайлы


Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов “Ұлыс сұхбатта” “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасына қатысты сұрақтарға жауап берді. Оның айтуынша, бұл мемлекет пен қоғам қарым-қатынасы тұрғысынан әділ бастама.


"Әр балаға жеке шот ашылады, ақша соған аударылады. Бала дүниеге келген кезде туу туралы куәлік, жәрдемақы алып қана қоймай, жеке шоттың автоматты түрде ашылуы бойынша да қызметтерді реттеп жатырмыз. Біз бұл қызметті аяқтаймыз, іске қосамыз. Ата-аналар бұл есепті көре алады. Барлығы қанша сома жинақталғанын, зейнетақы қорынан көшірменің қалай келгенін көре алады", - деді Сүлейменов.


Ата-аналар не істеуі керек?


"Ешкімге банкке барудың қажеті жоқ. Ақшаны 18 жасында ғана алады, сол жерде банкте шот ашу қажет болады. Кейін біз Ұлттық қордан БЖЗҚ арқылы шотқа аударамыз. Ол келіп, ақшасын алады. Бірақ 18 жасқа дейін ақша тек шотқа түсіп отырады. Техникалық тұрғыдан біз дайынбыз және ешқандай проблема болмайды деп ойлаймыз", - деді Ұлттық банк басшысы.


18 жасқа дейінгі бала қанша ақша жинай алады?


"Ұлттық қордың көлеміне, инвестициялық кіріс динамикасы сүйендік. Бұл ретте, толық 18 жылға 3,5 мың доллардан келеді. Шоттың девальвациядан қорғалуы да есепке алынды", - деді Сүлейменов.


Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті балаларға Ұлттық қордан ақша есептеу туралы Заңға қол қойған болатын.


Заң нормалары


Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50% -. балалардың 18 жасқа толғанға дейінгі арнайы жинақтау шоттарына тұрғын үй сатып алуға және білім алуға кейіннен пайдалану мүмкіндігімен мерзімінен бұрын алу құқығынсыз аудару көзделеді.


Ақшаны қашан түсе бастайды?


Президенттің тапсырмасына сәйкес, балалардың шоттарына ақша есептеу 2024 жылдың 1 қаңтарында басталады. 2024 жылдың 1 ақпанында түсе бастайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұлттық қор #қаражат #балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.