Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық қор тағы да 250 млн долларға азайды

Ұлттық қор тағы да 250 млн долларға азайды

Әлеумет 01.11.2024, 11:49 820
Ұлттық қор тағы да 250 млн долларға азайды
Сурет: интернеттен
 

Қазан айында Ұлттық банктің алтын-валюта резервтерінен 253 млн доллар сатылды. Бұл сома Ұлттық банк «Қазатомөнеркәсіп» акцияларын сатып алғаннан кейін активтерді конвертациялау операцияларының бір бөлігі болды.

Ұлттық банктің валюта нарығындағы жағдай туралы есебіне сәйкес, қазан айының қорытындысы бойынша теңге бағамы тағы да әлсіреді. Доллар бағасы 1,5 пайызға өсіп, 488,23 теңгеге жетті. Қазан айында KASE биржасындағы сауда көлемі күн сайын орташа есеппен 222 млн доллардан 278 млн долларға дейін ұлғайып, бір айда 6,1 млрд долларды құрады.

Өткен айда республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан 1,3 млрд доллардан астам сома сатылды. 10 қазаннан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) инвестициялық портфеліне валюта сатып алу тоқтатылды, себебі қордың валюта активтерінің көлемі 40%-ға жетті.

Ұлттық банк қараша айында алтын-валюта резервтерінен тағы 130-140 млн доллар сатуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан қосымша 1,2-1,3 млрд доллар көлемінде сома сату көзделген.

Келесі айда БЖЗҚ-ға валюта сатып алу жоспарланбаған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұлттық қор #Доллар #ұлттық банк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.