AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа құзырет беріле...

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа құзырет беріле ме?

Заң мен тəртіп 07.04.2023, 17:25 1,267
Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа құзырет беріле ме?
Сурет: Elorda.info

Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Президент Жарлығының жобасында жазылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Енді ведомствоға мына функциялар беріледі:


- ұлттық қауіпсіздік органдардың дағдарысты жағдайлар, әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал, төтенше, әскери жағдайлар туындаған кезде және соғыс уақытында іс-қимыл жасауға дайындығын қамтамасыз ету;


- еңбек қарым-қатынастарын реттеу саласында еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімі бойынша ұлттық қауіпсіздік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының нормативтерін әзірлеу және бекіту;


- Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының құқық бұзушылықты профилактикалау шараларын жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;


- жергілікті атқарушы органдармен әзірленетін облыс аумағында, астана және республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін келісу;


- дайындалып жатқан терроризм актісі туралы хабарлама үшін сыйақы төлеу ережелерін әзірлеу және бекіту;


- Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің отбасылық-мүлiктік жағдайын тексеру актісінің үлгі нысанын әзірлеу және бекіту;


- ұлттық қауіпсіздік органдарын көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының колонналарына ілесіп жүруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде осы колонналар өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;


- ұлттық қауіпсіздік органдарында жауынгерлік кезекшілікті атқаруды ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту.


Жарлық жобасы ережеге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес редакциялық өзгерістерді енгізуді қарастырады. Оны іске асыру үшін республикалық бюджеттен қосымша қаражат талап етілмейді және ол теріс әлеуметтік және экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды, - деп түсіндірме берілген Президен Жарлығына.


Құжат 20 сәуірге дейін көпшілік талқылауында болады. Кейін қол қою үшін Мемлекет басшысына жолданады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰҚК #жаңа құзырет #жарлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);