AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Ұлттық киноны қолдау орталығының питчингіне 99 жоб...

Ұлттық киноны қолдау орталығының питчингіне 99 жоба қатысуда

Мәдениет 11.06.2025, 14:29 818 dulatbekova
Ұлттық киноны қолдау орталығының питчингіне 99 жоба қатысуда
Сурет: Gov.kz

Алматы қаласында 9-12 маусым аралығында киножобаларды ашық қорғау өтіп жатыр.

Питчингке Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының екі кезең бойынша іріктеуінен сәтті өткен 99 жоба қатысуда. Барлық процесс Кино орталығының ресми YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. 

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағалидің айтуынша, мемлекет қаржысына түсірілетін фильмдердің мазмұны мен сапасы жоғары деңгейде болуы тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, конкурсқа өтінім қабылдау 13 наурызда аяқталды. Биыл көркем, деректі және анимациялық фильм секцияларында барлығы 444 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 357 жоба Сараптама кеңесінің қарауына жіберілді. Бағалау нәтижесінде 128 сценарий мен сценарий жоспары екінші кезеңге өтті. Құжаттардың толық пакетін тапсырған соң 99 жоба питчингке жолдама алды.

Сараптама кеңесі жобаларды бағалау барысында бірқатар негізгі критерийлерге назар аударды. Атап айтсақ, бекітілген басым тақырыптарға сай болу, сценаридің тұжырымдамалық деңгейі, сюжет динамикасы мен драматургиялық құрылымы, техникалық мазмұны және кейіпкерлер бейнесінің терең ашылуы ескерілетін болады.

Сараптама кеңесі іріктеген жобаларға мемлекеттік қаржылай қолдау көрсетіледі және туынды ұлттық фильм мәртебесіне ие болады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #киножобалар #питчинг #ашық қорғау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);