AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық кеңестің кезекті кездесуі өтті

Ұлттық кеңестің кезекті кездесуі өтті

Әлеумет 28.12.2021, 09:36 1,270
Ұлттық кеңестің кезекті кездесуі өтті
bag. kz

Ұлттық кеңес құрылғаннан бері 90-нан астам нормативтік құқықтық акті қабылданды




27 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерінің жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz



Жиында өткен жылдағы жұмыс қорытындылары шығарылып, алдағы жылға жұмыс жоспары нақтыланды. Ұлттық кеңестің бастамаларын жүзеге асыру аясында 2021 жылы 7 заң қабылданған болатын, олардың ішінде ауылшаруашылық жерлерін шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заң, сонымен бірге саяси партиялардың Парламент Мәжілісіне өту шегін төмендету және сайлау бюллетеньдеріне «бәріне қарсы» бағанын енгізу бойынша жаңа нормаларды қамтитын сайлау туралы заң. 



Жалпы алғанда, Ұлттық кеңес құрылғаннан бері Мемлекет басшысының бастамаларын іске асыру мақсатында 90-нан астам нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Қазіргі уақытта тағы 12 заң жобасы әзірлеу және қарау сатысында.



Сондай-ақ отырыста ҰҚСК мүшелері алдағы жылы ұйымдастырылатын зерттеу жұмыстарының тақырыптар тізбесін талқылады. Бұл зерттеу жұмыстары негізінде мемлекеттік органдарға арнайы ұсыныстар әзірленеді деп болжануда. ҰҚСК аясындағы 4 жұмыс тобының әрқайсысының шеңберінде белгілі бір бағыттағы өзекті мәселелер жеке-жеке зерделенетін болады. 



Атап айтсақ, Жеміс Тұрмағамбетова, Бөріхан Нұрмұхамедов, Мұрат Әбенов, Саясат Нұрбек, Төлеутай Рақымбеков, Марат Бәшімов, Расул Жұмалы, Лаззат Қожахметова, Дәурен Қуат, Асхат Садырбай, Александр Данилов, Тәттігүл Талаева, Дания Еспаева, Қанат Нұров, Қайсар Тұрсынқожа, Қанат Сахария, Берік Әбдіғалиұлы, Андрей Чеботарев, Айман Омарова және Исламбек Салжанов  зерттеулерді өткізуге қатысты өз ұсыныстарымен бөлісті.



Сонымен қатар, жиынға қатысушылар келесі жылы түрлі салалардағы реформалардың жүзеге асыру барысын талқылау бойынша мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен жоспарланатын кездесулерді өткізу,  өңірлерде көшпелі отырыстарды ұйымдастыру сұрақтарына тоқталды.


Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі консультациялық-кеңесші орган болып табылады. Оның негізгі мақсаты – қоғам қайраткерлері, саяси партия өкілдері және сарапшылармен кеңінен талқылау өткізу негізінде мемлекеттік саясаттың көкейкесті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу. Ұлттық кеңесті құру туралы Жарлыққа 2019 жылғы 12 маусымда қол қойылған. 




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық #Кеңес #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);