Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық экономика министрі Алматы тұрғындарымен кез...

Ұлттық экономика министрі Алматы тұрғындарымен кездесті

Әлеумет 22.05.2023, 11:50 1,014
Ұлттық экономика министрі Алматы тұрғындарымен кездесті
Сурет: Egemen.kz

Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Мамыр-5» шағынауданының тұрғындарымен кездесті.


Бүгінгі таңда Әуезов ауданында медициналық мекемелердің жүктемесі өзекті болып тұр. Кездесу барысында жергілікті тұрғындар мамандардың тапшылығына шағымданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Министр атап өткендей, азаматтарды қажетті дәрігерлермен және сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп жатыр.


2022 жылы «Мамыр-5» шағынауданында жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория салуға республикалық бюджеттен 670 млн теңге бөлінген еді. Мұнда учаскелік қызмет бөлімшесі, педиатрларға, гинекологтарға және тар бейінді мамандарға арналған кабинеттер ашылады. Тиісті жабдықтармен жабдықтау жоспарланып отыр. Ол бір тәулікте 200 келушіге есептелген. Бұл жұмыс істеп тұрған аудандық емхананың жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Қазір жұмыстардың 95%-ы аяқталды.


Сонымен қатар, ҰЭМ басшысы Алматы қаласы бойынша ТМРК департаментіне барды. Жиын барысында департамент жұмысының негізгі бағыттары талқыланды. Министр тариф белгілеу мәселелерін тұрақты бақылауда ұстауды, «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы шеңберінде табиғи монополиялар субъектілерінен өтінімдерді жеделдетуді және халықпен кері байланысты күшейтуді тапсырды.


Сондай-ақ ведомство басшысы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының бас кеңсесінде болды. Ә.Қуантыровқа қордың атқарған жұмыстары туралы мәлімет берілді. Өткен жылы Алматы қаласы бойынша «Бизнестің жол картасы» шеңберінде 87,4 млрд теңге несие сомасына 1 703 жоба субсидияланды.


Бұдан бөлек, министр️ Sadu Arena спорт кешеніне барды. Нысан 6 мың шаршы метрден астам аумақта орналасқан, ол әртүрлі спорт түрлерінен ірі жарыстар өткізуге арналған. Мұнда спортшыларға тұрақты негізде қолдау көрсетіледі. Спорт нысанының иесі қайырымдылық турнирлерін, оқу-жаттығу жиындарын өтеусіз негізде үнемі өткізеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#министр #Алматы #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.