Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық бірегейліктің тірегі

Ұлттық бірегейліктің тірегі

Әлеумет 05.06.2024, 13:51 724
Ұлттық бірегейліктің тірегі
almaty-akshamy.kz

Орталық мешітте Мемлекеттік рәміздер күніне орай дөңгелек үстел өтті 

Дөңгелек үстел жұмысы Құран аяттарын оқудан басталды. Мемлекеттік рәміздердің құндылығы туралы баяндамамен жалғасты. Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы, Алматы қаласының бас имамы және қала мешіттерінің имамдары қатысып, Ұлттық Құрылтайда айтылған ұсыныстарды талқылады. Сондай-ақ, алда келе жатқан мұсылмандардың ұлық мерекесі – Құрбан айт мерекесіне орай мәселелерге тоқталды. 

Жиынға қатысушы Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспанның айтуынша, бүгінгі мерекенің  мемлекет үшін маңызы жоғары. 

«Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында жақсы ой-ұсыныстар айтылды. Президент құрылтайда жастар арасында кітап оқуды дамытуды ерекше атап өтті.  Муфтият қазіргі таңда қазақ және орыс тілдерінде 30-дан астам кітап шығарды. Мүмкіндігінше, мешіттерде кітапхана пункттерін ұйымдастыруды жоспарға енгізіп отыр. Алматы қаласындағы бірқатар мешіттерде кітапхана пункттері жұмыс істейді. Деструктивті насихаттарға балалар да ілесіп кетіп жатыр. Бұл мәселе Ұлттық құрылтайда айтылды. Мәселелердің бәрі жұмыс жоспарына енді. Оның ішінде осы деструктивті діни ағымдардың алдын алу бойынша тапсырмалар берілді»,-деді ол. 

«Өкінішке қарай,  Мемлекеттік рәміздердің құндылығын, мәнісін түсінбейтін жастарымыз бар. Әнұран қосылғанда өзін қалай ұстауды білмей, «қолын жүрек тұсына ұстау – дінге қайшы келетін әрекет» деп адасып жүргендерді көріп жүрміз.  Рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу үшін имамдардың үгіт-насихат жұмысы ауадай қажет. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуде мешіт имамдарының жауапкершілігі жоғары. Жылына бір-ақ рет келетін мәртебесі биік мерекені тиісті деңгейде атап өтуіміз керек»,-деді Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұрлан Медсантұлы. 

Тақырыпқа орай 

Болатбек қажы ҰЛАСҚАНҰЛЫ, «Байкен» мешітінің бас имамы: 

Тарихымыздың шынайы көрінісі

Иә, біз әрқашан Алла Тағалаға сансыз шүкіршілік етуге міндеттіміз. Өйткені, Алла бізге сансыз нығметтерін беріп жатыр. Оның бастысы – егеменді еліміз, тәуелсіз мемлекетіміз. Егемендіктің басты белгісі – Мемлекеттік рәміздер. Көгімізде көк Туымыз желбіреп, Елтаңбамыз бен Әнұранымызды бекіткен сәттен бастап, елдігіміздің белгісін әлем жұртшылығы мойындады. Мемлекеттік рәміздер талай ғасырдан сыр шертетін, тарихымыздың шынайы көрінісі болып саналады. Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр. Сондықтан Мемлекеттік рәміздердің тарихы мен мәнін білу, оларды құрмет тұту – әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мемлекеттік рәміздер #құрбан айт #Дін істері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.