AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Ұлттық банк теңге/рубль бағамына қатысты жағдайды...

Ұлттық банк теңге/рубль бағамына қатысты жағдайды түсіндірді

Саясат 01.07.2022, 08:03 1,630
Ұлттық банк теңге/рубль бағамына қатысты жағдайды түсіндірді
Сурет: Inform.kz

Валюталық саясат аясында Ұлттық банк құбылмалы айырбас бағамы саясатын ұстанады.


Қазақстан Ұлттық банкі қазіргі жағдайда теңге/рубль бағамының қалыптасуына байланысты маусым айында рубльдің барлық валюталарға, ең алдымен АҚШ долларына қатысты айтарлықтай нығайғанын хабарлады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



 «Осындай айтарлықтай нығаю РФ-да енгізілген капитал қозғалысын бақылау шаралары, энергия ресурстарын қоса алғанда, негізгі экспорттық тауарлардың жоғары бағалары аясында, импорттың айтарлықтай қысқаруымен байланысты болды.



Бұрын енгізілген валюталық шектеулердің айтарлықтай жеңілдеуіне қарамастан, Ресей рублі мұнай мен газдың жоғары бағасы мен импорттың төмен көлемі аясында нығая берді. Бұл тиісінше теңге/рубль бағамының рубль үшін ең төменгі тарихи көрсеткіш – 9-9,1 теңгеге дейін әлсіреуіне әкелді»,-делінген Ұлттық банктің хабарламасында. 


Сондай-ақ аталмыш хабарда Ресей Федерациясында рубль бағамын қалыпқа келтіру шараларына қатысты ашық пікірталас жүріп жатқаны айтылған. Бұл ретте тікелей шараларды қабылдауды РФ-ға қарсы енгізілген санкциялар қиындатып тұр. 


Өз кезегінде теңгенің Ресей рубліне қатысты айырбас бағамы тікелей қалыптаспайды, ол теңге мен рубльдің долларға қатысты бағамына қарай жекелей қалыптасады. 


Теңге/рубль нарығы дербес қалыптастыру үшін жеткілікті түрде терең және өтімді емес, бұл РФ мен ҚР арасындағы сауда теңгерімсіздігіне, сондай-ақ қазақстандық экспорттаушылардың өз өнімдерін Ресей Федерациясына теңгеге сатпауына байланысты. Ресейлік экспорттаушылардан айырмашылығы – ресейлік рубльге сататын экспорттаушыларға қарағанда, Ресей Федерациясындағы теңгеге деген сұраныстың төмендігі осымен байланысты.


Валюталық саясат аясында Ұлттық банк құбылмалы айырбас бағамы саясатын ұстанады. Бұл – теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмайды және онымен қатар елдің алтын-валюта резервтерін сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан рубльмен немесе кез келген басқа валютамен паритетке әсер ету мақсатында ұлттық валютаның айырбас бағамы бойынша кез келген амалдар жасауға жол берілмейді. 



«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі айдың соңында валюта нарығында жасалған барлық операциялар, оның ішінде алтын-валюта активтері есебінен жасалған интервенциялар, Ұлттық қордың немесе БЖЗҚ атынан жасалған операциялар туралы ақпаратты жария етеді. ҚР ҰБ валюта нарығындағы ахуалды түсіндіріп, кәсіби қатысушылармен және халықпен арадағы коммуникациялық байланыстарға тән жұмысты жалғастыра береді», - делінген Ұлттық банктің ақпаратында.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#теңге #рубль #банк #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);