Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық банк маманы валютаның қазіргі ахуалы туралы...

Ұлттық банк маманы валютаның қазіргі ахуалы туралы түсіндірді

Әлеумет 08.07.2022, 11:30 1,168
Ұлттық банк маманы валютаның қазіргі ахуалы туралы түсіндірді
Сурет: Eadaily.com

Доллардың ресми бағамы 8 шілдеде 477,24 теңгені құрады.

Доллардың ресми бағамы 8 шілдеде 477,24 теңгені құрады.


Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов валюта нарығындағы қазіргі жағдай туралы түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Оның пайымынша, дамыған және дамушы елдердің валюталары инфляция мен геосаяси тұрақсыздыққа қарсы күрес аясында қысымға ұшырап отыр. Ұлттық валюта да орнығып қалған ішкі факторларға байланысты және сыртқы өзгерістердің әсерінен құбылмалы күй кешуде. 



«Доллардың ресми бағамы ай басынан бері 12,16 теңгеге немесе 2,6%-ға әлсіреп, 8 шілдеде 477,24 теңгені құрады. Бұл орайда, АҚШ долларының жаһандық нығаюы, энергия тасымалдаушылар бағасының төмендеуі, сондай-ақ Қазақстандағы Каспий құбыры желісі консорциумының теңіз терминалы қызметін тоқтата тұру тәуекелдері, сол себептен нарыққа қатысушылар сентиментінің нашарлауы, қазақстандық компаниялардың импорттық операциялары теңге динамикасына әсер еткен негізгі факторлар болды. АҚШ қазынашылық облигациялары кірістілігінің өсуі мен АҚШ долларының нығаюы дамыған, сол сияқты дамушы елдердің валюталарына қысым жасады», - деді ол. 



Нұржан Тұрсынхановтың мәліметінше, DXY индексі 7 шілдеде 107,13 деңгейіне дейін, яғни 2,3%-ға өсті, ал JPMorgan дамушы елдері валюталарының индексі 3,3%-ға әлсіреді. Еуроның АҚШ долларына қатысты 1,016 деңгейіне дейін әлсіреуі шамамен тепе-теңдікке жетіп, елеулі жағдай орын алды. 



«7 шілдедегі жағдай бойынша, Brent маркалы мұнай бағасы ай басынан бері 8,8%-ға төмендеп, барреліне 104,65 АҚШ долларын құрады. Мәскеу биржасындағы Ресей рублінің бағамы ай басынан бері 20%-ға әлсіреп, 61,95 деңгейінде қалыптасты. Ішкі факторлар арасында импорттық операцияларды жүзеге асыру үшін валютаға сақталып отырған сұраныс, сыртқы борыштарды өтеу, сондай-ақ жеке тұлғалар тарапынан шетел валютасына тұрақты сұраныс теңге динамикасының негізін қалады», - деді Ұлттық банк өкілі. 



Жалпы алғанда, энергия тасымалдаушылар бағасының төмендеуіне байланысты нарыққа қатысушылар сентиментінің нашарлауы байқалады. 


Еркін өзгермелі бағам жағдайында теңге үшін құбылмалылықтың орын алуы – нарықтағы қалыпты жағдай. 


Маманның айтуынша, ай басынан бері Ұлттық банк валюталық интервенциялар жүргізген жоқ. Бұл ретте қаржылық тұрақтылыққа төнетін қауіпті болдырмау үшін ведомтсво шамадан тыс бағам құбылмалығы кезінде валюта сауда-саттығына араласу құқығын өзіне қалдырады. 



«Қысқа мерзімді перспективада теңге динамикасы импорттық операциялар мен демалыс маусымы аясында қатысушылар тарапынан шетел валютасына сұраныстың артуына байланысты болады. Көршілес өңірлердегі геосаяси ахуал, сондай-ақ әлемдік нарықтардағы жағдайлар дамушы елдердің валюталарына қатысты инвесторлардың жалпы сентиментіне ықпалын сақтайды», - деді Нұржан Тұрсынханов.



 Ұлттық банк теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастыра береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#банк #Қазақстан #валюта
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

-colors"> ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады 20:39

-colors"> Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды 19:17

-colors"> Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді 17:40

-colors"> Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады 17:23

-colors"> Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.