AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық банк мамандары теңге бағамына әсер ететін ф...

Ұлттық банк мамандары теңге бағамына әсер ететін факторды түсіндірді

Әлеумет 13.07.2022, 09:04 1,024
Ұлттық банк мамандары теңге бағамына әсер ететін факторды түсіндірді
Сурет: Azh.kz

Маусымның айында теңге бағамы 13,3 пайызға әлсіреді.


Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңге бағамына әсер ететін негізгі факторлар мен валюта нарығындағы жағдай туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Ұлттық банк өкілінің сөзінше, маусымның қорытындысы бойынша теңге бағамы бір доллар үшін 470,24 теңгеге дейін немесе 13,3 пайызға әлсіреді. Нарықтағы мұндай өзгерістерге сыртқы факторлармен қатар ішкі факторлар да себепші болды. 



«Бірінші кезекте, АҚШ доллары позициясының күшейгенін атап өткен жөн. Ішкі факторлар арасында – дивидендтер төлеу кезеңінде заңды тұлғалар тарапынан валютаға сұраныстың артуы және экспорттаушылардың салықты төлеуге сатудың қысқаруына байланысты валюта ұсынысының төмендеуі. Квазимемлекеттік сектор компанияларының шамамен 480,4 миллион АҚШ долларын құраған валюталық түсімін сатуы және Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валютаны сату ұсыныс жағынан валюта нарығына қолдау көрсетті», - деді Әлия Молдабекова. 



Сонымен қатар, ол маусым айында Ұлттық банк ішкі валюта нарығында валюталық интервенциялар жүргізбегенін жеткізді. Нарық сентименті мен құбылмалы болуы нарық жағдайына сәйкес келген. 



«Айырбастау бағамының өзгермелі режимінде теңге үшін құбылмалылықтың болуы қалыпты жағдай екенін атап өткім келеді», - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова. 



 Маманың айтуынша, тіркелген бағам саясаты қысқа мерзімді тұрақтылық елесін қалыптастырады. Оны ұзақ уақыт бойы жасанды жолмен ұстап тұру алтынвалюта резервтерін жұмсау есебінен ғана мүмкін. 



«Нәтижесінде бұл ұлттық валюта бағамын девальвациялау қажеттілігіне алып келеді. Өз кезегінде, теңгенің еркін өзгермелі бағамы сыртқы ортаның өзгерістеріне бірден ден қоюға мүмкіндік береді. Бұл экономикадағы теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмайды, сондай-ақ елдің алтынвалюта резервтерінің сақталуына ықпал етеді. Сондықтан Ұлттық Банк тіркелген бағамға көшу мәселесін қарастырмайды»,- деді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#теңге #Доллар #банк #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);