ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Экономика / Ұлттық банк мамандары елдегі инфляция деңгейі қанд...

Ұлттық банк мамандары елдегі инфляция деңгейі қандай болатынын айтты

Экономика 13.09.2022, 10:09 1,234
Ұлттық банк мамандары елдегі инфляция деңгейі қандай болатынын айтты
Сурет: 24.kz
Жылдың соңына қарай инфляция 16-18% аралығында болады.

Жылдың соңына қарай инфляция 16-18% аралығында болады.


Қазақстанның  Ұлттық банк мамандары алдағы уақытта елдегі инфляция деңгейі қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Инфляцияға қатысты ақпарат Ұлттық банктің арнайы әзірлеген баяндамасында көрсетілген.



«Ұлттық Банк «Ақша-кредит саясаты туралы баяндама. Қыркүйек 2022» жариялады. Баяндамада болжамның алғышарттары, базалық және болжамның баламалы сценарийлер бойынша макроэкономикалық жағдайдың даму перспективалары, қазіргі макроэкономикалық жағдайлар берілген. Сонымен бірге құжатта ақша, валюта және қаржы нарықтарындағы жағдайға талдау жасалған»,- делінген Ұлттық банктің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Өткен болжамды раундтың қорытындысы бойынша, жарияланған инфляцияға қатысты алдыңғы бағалау көтерілу жағына қарай біршама қайта қаралды. 2022 жылдың соңына қарай инфляция 16-18% аралығында қалыптасады.          



 «Қысқа мерзімді кезеңде инфляция 2023 жылғы ақпанда өзінің ең жоғары мәніне жетіп, екі таңбалы болып қалады. Бұл бірқатар азық-түлік өнімдерінің, сондай-ақ азық-түлікке жатпайтын тауарлардың, бірінші кезекте, жоғары импорттық құрамдас бөлігі бар азық-түлікке жатпайтын тауарлардың жалғасып отырған бағасының өсуін, сондай-ақ сақталып отырған жоғары базалық инфляцияны білдіретін болады»,- дейді ҚР Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявский.



Бұдан әрі 2023 жылдың қорытындысы бойынша, инфляция 7,5-9,5%-ға дейін біртіндеп баяулайды деп күтілуде. Төмендеу үрдісі күшейе береді, сөйтіп, 2024 жылдың соңына қарай  инфляция 5,5-7,5% деңгейінде болады деп болжанып отыр.                                         


 Ұлттық Банктің болжамдарына сәйкес, Қазақстандағы экономикалық белсенділік динамикасы 2022 жылы 2,5%-3,5% дәлізінде болады. 2023 жылы белгісіздіктің жалпы деңгейінің төмендеуі аясында Қазақстан экономикасының өсуі 4%-5% дейін жеделдейді. Ішкі сұраныс фискалдық ынталандырумен қолдау көрсетілетін экономикалық белсенділіктің жетекшісі болады. Сондай-ақ, елде мұнай өндірудің күтілетін ұлғаюына байланысты экспорт ЖІӨ өсімінің қосымша факторы болады.


 Алдыңғы болжамды раундпен салыстырғанда, инфляцияның жеделдеу тәуекелдері біршама төмендеді, алайда, әлемде геосаяси шиеленіс сақталуы себебінен жоғары болып қалып отыр.


Әлемдегі күрделі геосаяси жағдай Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштері болжамдарының алғышарттарына жоғары белгісіздік енгізуді жалғастыруда. Бұл инфляцияның болжамдық мәндерінен ауытқу тәуекелдерін жоғары деңгейде сақтауға себепші болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.