ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық банк жетекшісі базалық мөлшерлемені арттыр...

Ұлттық банк жетекшісі базалық мөлшерлемені арттыру қажеттілігін айтты

Әлеумет 27.04.2022, 06:12 1,184
Ұлттық банк жетекшісі базалық мөлшерлемені  арттыру қажеттілігін айтты
Сурет:Inform.kz
Оның себебін де түсіндірді.

Оның себебін де түсіндірді.


Қазақстанның Ұлттық Банк Төрағасы Ғалымжан Пірматов қазіргі жағдайда инфляцияның өсу үрдісін кері қайтару үшін базалық мөлшерлемені арттыру қажеттілігін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті осы жылдың 25 сәуірінде базалық мөлшерлемені + / - 1,00 п. т. пайыздық дәлізімен жылдық 14% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдаған болатын.


Маманның айтуынша, бұл ретте базалық мөлшерлеменің деңгейіне қатысты шешім теңдестірілген және бұл шешім оның экономикалық белсенділікке әсерін ескере отырып қабылданады. 



«Біз бұдан несиелеуге және экономикалық өсуге айтарлықтай қауіп төндірмейтінін көріп отырмыз, бірақ инфляцияны бақылау үшін аса маңызды. Белгіленген базалық мөлшерлеменің деңгейіне қатысты айтатын болсақ, қазіргі уақытта оңтайлы шешім болғаны сөзсіз және бүгінгі қалыптасқан жағдайға толықтай сәйкес келеді.  Жұмсартылған ақша-кредит саясаты бір мезеттік күмәнді пайдаға кенелтуі мүмкін, бірақ ұзақ мерзімді перспективада оның салдары қайтарымсыз болады», – деді Ғалымжан Пірматов ҚҰБ-тың баспасөз-брифингі кезінде. 



Брифингте айтылған мәліметтерге сәйкес, несиелендіру көлемінің өсуіне қарап экономикалық белсенділікті бағалауға болады. Мәселен, бірінші тоқсанда экономикаға берілген жаңа кредиттердің көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25,3%-ға ұлғайды, оның ішінде бизнеске – 19,6%, халыққа – 32,5%. 



«Дегенмен, 2022 жылдың наурыз айының қорытындысы көрсеткендей, белгісіздік белең алып, несие беру шарттары өзгеріп жатқан жағдайда мөлшерлеменің көтерілгені кредиттеу үшін тежеуші фактор болмайды», - деді Ғалымжан Пірматов.



 Базалық мөлшерлеме бойынша қабылданған бұл шешім теңгедегі активтердің тартымдылығын арттырады. Бұл өз кезегінде халықтың райын тұтынушыдан жинақтауға қайта теңдестіруге мүмкіндік береді.



«Сонымен қатар инфляциялық күтулердің траекториясын, инфляция бойынша жаңартылған болжамдарды, жиынтық сұраныс пен импортты, сондай-ақ басқа да қосымша инфляциялық шоктардың пайда болу тәуекелін ескере отырып, ақша-кредит шарттарын одан әрі күшейту үшін де сақталған кеңістік бар», - деп түйіндеді Ғалымжан Пірматов.



Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2022 жылы 6 маусымда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де жарияланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,445 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,256 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,338 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,185 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.