AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Ұлттық банк жаңа алаяқтық схемалары туралы ескертт...

Ұлттық банк жаңа алаяқтық схемалары туралы ескертті

Заң мен тəртіп 19.06.2025, 14:20 996
Ұлттық банк жаңа алаяқтық схемалары туралы ескертті
Ұлттық банк

Ұлттық банк азаматтарды сақ болуға шақырды, себебі алаяқтар жалған құжаттар мен реквизиттерді, сондай-ақ, жалған мобильді қосымшалар мен әлеуметтік желідегі парақшаларды пайдаланып, алдауы мүмкін.

"Алаяқтардың көздейтіні - азаматтардың жеке шотына, депозитіне, ақша аударымдарына қол жеткізу және атына онлайн несие немесе микрокредит рәсімдеу", - деп ескертті Ұлттық банк өкілдері.

Олар өзін Ұлттық банктің, мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарының, екінші деңгейлі банктердің, ұялы байланыс операторының немесе коммуналдық қызметтің қызметкеріміз деп таныстыруы мүмкін. Сондай-ақ, азаматтарға түрлі сылтаумен хабарласып, жалған құжаттар мен банкке ақша аударуға арналған реквизиттер жіберуі де ықтимал.

"Алаяқтар сізге келген SMS хабарламаны, растау кодын жіберуді, күмәнді сілтемелерге кіріп, түрлі қосымшаларды жүктеп алуды немесе мессенджердегі жаңа функцияларды іске қосуды сұрайды. Оның бәрі - телефоныңыздағы барлық ақпаратқа қол жеткізу үшін жасалатын қулық. Ұлттық банк азаматтарды барынша сақ болуға шақырады. Кез келген қоңырау, хат, хабарлама немесе сұрау салған кезде оның рас-өтірігін міндетті түрде тексеріп алған жөн. Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, өзіңіз білмейтін қосымшаларды телефонға жүктемеңіз және бейтаныс адамдардың шотына ақша аудармаңыз", - деп жазылған хабарламада.

Ұлттық банк мәліметінше, банк қызметкерлері жеке тұлғаларға ешқашан аудио және видеоқоңырау шалмайды, жеке шоттарын жүргізбейді, қандай да бір инвестициялық қорларға немесе қаржы өнімдеріне инвестиция салуға шақырмайды, қаражатты сақтандырмайды және халықпен ақшалай есеп айырыспайды.

"Алаяқтарға тап болсаңыз, дереу Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына жүгініп, арыз жазуға кеңес береміз. Қосымша кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі арқылы Ұлттық банктің байланыс орталығына хабарласа аласыз", - деп жазылған хабарламада.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алаяқ #Ескерту #банк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);