ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық банк фейк ақпараттардан сақ болуды ескертед...

Ұлттық банк фейк ақпараттардан сақ болуды ескертеді

Әлеумет 29.11.2022, 11:18 834
Ұлттық банк фейк ақпараттардан сақ болуды ескертеді
Сурет: Lada.kz
Алаяқтар жоба туралы ақпаратты теріс мақсатта пайдаланып жатыр.

Алаяқтар жоба туралы ақпаратты теріс мақсатта пайдаланып жатыр. 


Цифрлық теңге қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшаның орнын ауыстырмайды, қолданыста олармен қатар жүретін болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz сілтеме жасап. 


Қазақстан Ұлттық банкі және ҚҰБ төлем және қаржы технологияларын дамыту орталығы (ТҚТДО) цифрлық теңге туралы фейк ақпараттар мен хабарламалардың пайда болғанын ескертеді. 


Цифрлық теңге төңірегінде қызығушылық артқандықтан, алаяқтар жоба туралы ақпаратты теріс мақсатта пайдаланып, жұртты адастыруға көшті. Мессенджерлерде жаңалықтар шығарылымы форматында қолма-қол ақшаны цифрлық теңгемен ауыстыру туралы фейк ақпараттар мен видеороликтер тарап жатыр. Ал, "Цифрлық теңге" жобасына инвестиция салуды жарнамалаушылар алаяқтық сайттарды жасауға көшкен. Бұл хабарламалардың барлығы да шындыққа жанаспайды. 


Цифрлық теңге қолма-қол және қолма-қол ақшасыз аударымдардың орнын ауыстыру үшін шығарылмаған, ол қолданыста қатар жүретін болады. Цифрлық валюта бірегей технологиялық сипаттамалардың арқасында Қазақстанның Ұлттық төлем жүйесін одан әрі дамытуды көздейді, оның ішінде интернетсіз төлем жасау мүмкіндігі де пайда болады. 


Қазір «Цифрлық теңге» жобасы әзірлеу және сынақтан өткізу кезеңінде тұр. Ұлттық цифрлық валютаны енгізу бойынша нақты шешім осы жылдың соңына дейін қабылданады деп жоспарлануда. Ал, Ұлттық банк цифрлық валютаның артықшылықтары мен тәуекелдерін, оның ақша-кредит саясатына, қаржылық тұрақтылыққа және төлем қызметі нарығына әсерін жан-жақты зерттеп жатыр. 


Цифрлық теңге жобасы туралы ресми ақпарат көзі – Ұлттық Банктің nationalbank.kz интернет-ресурсы және ТҚТДО-ның payfintech.kz сайты. Өзге сайттардың, әсіресе «.kz» домендік кеңістігінен тыс тіркелген сайттардың бұл жобаға еш қатысы жоқ. Кеңес алу үшін Ұлттық Банктің 1477 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,446 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,257 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,343 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,185 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.