AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Ұлт мұраты үшін еселі еңбек еткен жандардың өнегел...

Ұлт мұраты үшін еселі еңбек еткен жандардың өнегелі өмірін дәріптеуге баса мән береміз - Мәулен Әшімбаев

Билік 16.12.2022, 07:00 1,620
Ұлт мұраты үшін еселі еңбек еткен жандардың өнегелі өмірін дәріптеуге баса мән береміз - Мәулен Әшімбаев
Сурет: inform.kz

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Тәуелсіздік күніне байланысты әлеуметтік желілердегі парағында құттықтау жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.





«Құрметті достар!


Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!


Бұл күн – еліміздің ең ұлық мерекелерінің бірі және азаттығымыз бен еркіндігіміздің символы.


Шын мәнінде, мемлекетіміздің бүгінге дейін жеткен жетістіктерінің бәрі - осы Тәуелсіздіктің жемісі. Тәуелсіздіктің арқасында біз демократиялы, құқықтық және экономикалық мемлекет құру жолында нақты қадамдар жасап келеміз.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында бұл мереке тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керектігін айтқан еді. Өткенге салауат айту - біздің қанымызға сіңген қасиет. Сол себепті осы күндерде біз елдік пен егемендік жолында құрбан болғандардың рухына тағзым етіп, ұлт мұраты үшін еселі еңбек еткен жандардың өнегелі өмірін дәріптеуге баса мән береміз», - деп жазды Сенат Төррағасы.


Сондай-ақ, ол алдағы уақытта Тәуелсіздік күнінің мәні бұдан да тереңдей түсетінін, халқымыз үшін бұл мейрамның қашанда орны бөлек, маңызы зор болып қала беретінін атап өтті.


«Баршаңызды қастерлі мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа шаттық, елімізге амандық, жерімізге тыныштық тілеймін!


Тәуелсіздігіміз нығайып, елдігіміз асқақтай берсін! Мереке құтты болсын!» - деп түйіндеді сөзін Мәулен Әшімбаев.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сенат #Мәулен Әшімбаев #құттықтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);