ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Керек кеңес / «Үлкен қараша» амалы әлі жүріп жатыр

«Үлкен қараша» амалы әлі жүріп жатыр

Керек кеңес 24.11.2023, 06:47 1,425
«Үлкен қараша» амалы әлі жүріп жатыр
almaty-akshamy.kz
Осы айдың жартысынан ауа басталған «Қауыс» амалы мәресіне жетті. Амал бойынша, осы кезде жеңіл әрі жұмсақ қар жауатын болған. Жаңбыр жауды, бірақ қар көрініс бермеді. Ауа райы біртіндеп суый бастады.

Осы айдың жартысынан ауа басталған «Қауыс» амалы мәресіне жетті. Амал бойынша, осы кезде жеңіл әрі жұмсақ қар жауатын болған. Жаңбыр жауды, бірақ қар көрініс бермеді. Ауа райы біртіндеп суый бастады.


«Қараша келмей, қар жаумас» дейді. Қар қарашаның алғашқы күндерінде түсіп, ерімей жатып қалса, қыс ұзақ болады деп болжаған. Адамды, малды ықтырып, бет қаратпайтын суық жел соғады, оны ел арасында ықтырма жел деп атайды. Мұндай жағдай Алматыда болмағанымен, астанада, еліміздің шығысы мен солтүстігінде толық деңгейде көрініс берді.


«Өткен тәулікте Астана Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 28 рет шақыруға шықты. Олардың ішінде расталмаған 3 факт, 10 өрт оқиғасы, 12 авариялық-құтқару жұмысы және т.б.», делінген хабарда.


«Павлодарда дауыл кезінде 100-ге тарта ауылда жарық сөніп қалған. Дегенмен, 60 елдімекенде үзілген сымдар қайта жалғанып, ток берілді деген хабар жетті. Әзірше 40 ауыл жарықсыз отыр», – дейді Төтенше жағдайлар қызметі өкілдері.


Өткенде жаңа ай туды. Желтоқсан айы. Көк жүзінде шаншылып тұрды. Қыстың басында айдың бұлай көрінгенін соңғы 15–20 жылда көрмеп едік, көмейден еріксіз жыр төгілді...


«Желтоқсанның айы туды жап-жаңа,


Келбетінен тапты дауа: жан, сана.


Қыс басында алшысынан туыпты,


Көзімді алмай тұрмын қарап таңдана.


Ай – қазақтың ортақ болған сырына,


Ай – қазақтың мұңдас болған мұңына...


Ай туралы талай жазып жүрсем де,


Алғаш рет арқау еттім жырыма.


Ай туралы тартпаппын-ау мен қалам,


Шапағынан нұрға бөккен бар ғалам.


Айға қарап болашағын болжаған,


Қазағымның ақылына таңқалам.


Қазақ деген адамзаттың көнбісі,


Аймен бірге орындалған оңды ісі.


Жеті түнде тура жолды нұсқаған,


Ай – қазақтың бұлжымайтын компосы.


Желтоқсанның айы туды оңынан,


Алтын нұрын себелеп тұр молынан...


Қыстың басы шуақты боп басталды,


Кім біледі... не боларын соңынан...».


Айдың 23 күні, бүгін Мерген жұлдыздар шоғыры төрге озып, төбеге шығады. Ол – «Құс жолында» Бүркіт, Қалқан, Жыланбөктерген, Сарышаян, Оңтүстік Тәж, Телескоп және Ешкімүйіз шоқжұлдыздарының аралығында орын тепкен. «Құс жолы» күздің соңында бауыры ағарып тұрады. Мерген жұлдызы аясында өмірге келгендерді – мереке мен думанның адамы деп айтуға болады.


23–30 қараша аралығында ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын, айтарлықтай ызғар орын алады...

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.