AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Үлкен ауылының болашағы жарқын болады деп сенемін

Үлкен ауылының болашағы жарқын болады деп сенемін

АЭС: Референдум 11.09.2024, 12:54 1,566
Үлкен ауылының болашағы жарқын болады деп сенемін
Сурет ЖИ көмегімен салынды

Кенжемұрат Қасенов, Үлкен ауылдық округінің әкімі:

Президенттің Қазақстан халқына биылғы Жолдауында атап көрсетілгендей, АЭС салу бойынша референдум 6 қазанда өтетін болып белгіленді. Бұл ел үшін стратегиялық маңызы бар нысанның құрылысын жүргізуге Абай облысындағы Курчатов қаласы мен Алматы облысындағы Үлкен ауылы қарастырылып отыр. Аймақты таңдаудың да өзіндік себептері бар. Атом электр стансасындағы реакторларды салқындату үшін мол су қоры қажет. Осы себепті Ертіс өзенінің бойында орналасқан Курчатов қаласы мен Балқаш көлінің жағалауындағы Үлкен ауылы таңдалды.

Үлкен ауылы Қонаев қаласынан 330 шақырым қашықтықта орналасқан, мұнда үш мыңға жуық халық тұрады. Бұрын бұл аймақ құрылысы қайнап тұрған, қалада тіршілік қыз-қыз қайнап, көптеген үйлер салынып жатты. Бүгінде кейбір үйлер қаңырап бос қалған. Бірақ, АЭС салынатын болса, Үлкен ауылының болашағы жарқын болады деп сенемін.

Бұл ауыл 1980 жылы жоспарланып, 1984 жылы құрылыс басталған. Бастапқыда бұл аймақ Оңтүстік Қазақстан ГРЭС-ін салуға негізделген шағын қалашық ретінде құрылған болатын. Сол кезде мұнда жастарға жұмыс болатын. Қазір жұмыс орындары азайғандықтан, көптеген тұрғындар үлкен қалаларға қоныс аударды. Дегенмен, АЭС құрылысы жүзеге асса, ауылымызға сол азаматтар қайта оралып, жаңа мүмкіндіктер ашылады деп үміттенеміз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#үлкен #Атом электр станциясы #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);