ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / Үлкен Алматы мен Ақсай өзендері шатқалдарында селг...

Үлкен Алматы мен Ақсай өзендері шатқалдарында селге қарсы бөгеттер орнатылып жатыр

Оқиға 22.01.2023, 05:22 1,740
Үлкен Алматы мен Ақсай өзендері шатқалдарында селге қарсы бөгеттер орнатылып жатыр
сурет:gov.kz
Бөгеттердің құрылысы сел тасқынынан болатын қауіпті барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Бөгеттердің құрылысы сел тасқынынан болатын қауіпті барынша азайтуға мүмкіндік береді.


Үлкен Алматы мен Ақсай өзендері шатқалдарында селге қарсы бөгеттер орнатылып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтына сілтеме жасап.


Алматы қаласының биік таулы аймағында «Үлкен Алматы», «Ақсай», «Қарғалы» және «Кіші Алматы» деп аталатын 146 мұздық, 50-ден астам мұздақ-мұздық көл бар.



Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сел қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Үлкен Алматы және Ақсай өзендерінің бассейндерінде селді ұстап қалатын екі бөгеттің құрылысы жүріп жатыр. Осы өзендердің жоғары жағында сел қаупі бар 116 учаске, 114 мұздық, 35 мұздақ-мұздық көлдер бар, оның 9-ында жарылыс қаупі бар.


Наурызбай ауданындағы Ақсай өзенінде де селді ұстап қалатын бөгеттің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Ақсай өзенінің бассейні Үлкен Алматы сияқты сел жүру қаупінің бірінші санатына жатады. Бөгеттің биіктігі – 75 метр, селден қорғау көлемі – 7 млн текше метр.



Селді ұстап қалатын бөгеттер құрылысының жоспарлы аяқталу мерзімі – 2023 жыл.


Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, Үлкен Алматы және Ақсай өзендері бассейндерінің сел жүру қаупi жоғары. Олардың әсер ету аймағында 5 мыңнан астам тұрғын мен демалушы, сондай-ақ оңтүстік астананың қонақтары мен қызмет көрсетуші персонал қалуы мүмкін. Сел жүру қаупі бар аймақта жазғы кезеңге аэровизуалды тексерулер жүргізу кезінде тек Үлкен Алматы өзенінің бассейні бойынша мамандар үш мыңнан астам автомашина мен 60 автобусты есептеді.



Бөгеттердің құрылысы сел тасқынынан болатын қауіпті барынша азайтуға мүмкіндік беріп, Алматы қаласының Бостандық, Наурызбай, Алмалы аудандары мен Алматы облысы Қарасай ауданының шығыс бөлігінің халқын және объектілерін сенімді қорғауды қамтамасыз ететін болады.


Сонымен қатар, халықты сел қаупі туралы уақтылы хабардар ету үшін екі шатқалдың аумағында 51 дабыл құрылғысы орнатылды.


Алматы қаласы әкімдігінің белсенді қолдауымен соңғы жылдары алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін, «Қазселденқорғау» қажеттіліктеріне жергілікті бюджет қаражатынан 2 экскаватор, 10 жылжымалы үй, өнімділігі жоғары 10 сорғы, 2 000 метр сифон құбыры және бір жеңіл автокөлік сатып алынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,436 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,253 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.