AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Үлкен Алматы көліне жеке көлікпен қатынауға шектеу...

Үлкен Алматы көліне жеке көлікпен қатынауға шектеу қойылды

Алматы құшағында 30.04.2026, 12:45 190 yakiya
Үлкен Алматы көліне жеке көлікпен қатынауға шектеу қойылды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Үлкен Алматы көліне баратын жолда көлік қатынасына шектеу қойылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Медеу бөлімшесіне қарасты Үлкен Алматы орманшылығының маманы Мұрат Рысқұл осылай деді.

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында қазір 46 туристік бағыт бар, оның 38-і жұмыс істеп тұр. Ақсай, Медеу, Түрген мен Талғар бөлімшесі болып бөлінген оған жаяуларға, автокөлікке, атпен және велосипедпен жүруге арналған бағыттар кіреді. Спикердің айтуынша, жазда тауға келетіндер күрт көбейетіндіктен, бақылауды күшейтуге тура келіпті.

«Біз жыл сайын жазғы кезеңде туристік бағыттарды бақылауды күшейтеміз, себебі келетіндер көп. Барлық қолданыстағы бағыттар паспортталған және мемлекеттік инспекторлардың бақылауында. Негізгі міндет — туристердің жайлы әрі қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету», — дейді Мұрат Рысқұл.

Ең көп сұранысқа ие бағыт Медеу бөлімшесінде орналасқан, мұнда барлық 19 бағыт жұмыс істейді. Қалғандарында кейбір бағыттар әртүрлі себеппен уақытша жабылғанымен, негізгі туристік нысандар сол күйі ашық тұр екен.

Үлкен Алматы көліне апаратын бағыт адам ең көп баратын орынның бірі. Мұнда жеке автокөліктердің, мототехниканың, сондай-ақ электр самокаттар, электр велосипед пен басқа да ұқсас құралдардың жүруіне тыйым салынған.

«Көлге апаратын жол күрделі тау бедері арқылы өтеді: тік еңісті, көріну мүмкіндігі шектелген, тас құлау қаупі бар учаскелер бар. Көліктің әртүрлі түрі араласып кеткенде жол апаты жиілеп кетуі мүмкін. Жалға алынған электр көліктері де осындай жағдайға жиі тап болады», — дейді спикер.

Тексеру барысында туристердің электробайкпен нұсқаушысыз жүріп, жолдан шығып кетіп, табиғи жамылғыға зиян келтіргені анықталыпты.

«Мұндай жағдай адамның өзіне ғана қауіп төндірмей, экожүйеге де зиян тигізеді. Сондықтан уәкілетті органдармен бірлесіп, бақылауды күшейтіп, рейдтік іс-шаралар мен кезекшіліктер енгіздік. Бұл — тек қауіпсіздік мақсатында қабылданған мәжбүрлі іс-шара», — деп атап өтті Мұрат Рысқұл.

Жалпы алғанда, ұлттық паркте кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр екен: маршруттарда инспекторлар сақшылық қызмет атқарады, туристерге түсіндіру жұмысын жүргізеді, ақпараттық белгілер мен көрсеткіштер орнатылады, төтенше қызметтермен бірлесіп істеу де жолға қойылған.

«Демалысты шектеу емес, оны қауіпсіз ету мақсатымыз. Жұрт табиғатта еркін демалып, парк қауіпсіз болып қалуы тиіс», — дейді Мұрат Рысқұл.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Үлкен Алматы көлі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);