Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Үлкен Алматы каналына қоқыс төккендерге салынған а...

Үлкен Алматы каналына қоқыс төккендерге салынған айыппұл көлемі 2 миллион теңгеге жуықтады

Әлеумет 26.08.2022, 14:37 1,296
Үлкен Алматы каналына қоқыс төккендерге салынған айыппұл көлемі 2 миллион теңгеге жуықтады
Сурет: 24.kz

Экологтар сенбілік жасайтынын хабарлады


Үлкен Алматы каналының маңы қоқыс алаңына айналып барады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
Бөгде біреулер шектеуге қарамастан қала аумағындағы жазыққа тонналап қалдық пен топырақ төгуін тоқтатар емес. Медеу ауданы әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, бүгінде мәселеге қатысты қауырт жұмыс жүргізіліп жатыр. Аумақты бақылауда ұстау үшін полиция қызметкерлері де жұмылыпты.
Өзен арнасына қарама-қарсы жатқан бұл жазыққа кіретін 3 бұрылыс бар. Әкімдік өкілдері бірінші кіреберіске қоқыс төгетіндерді бөгеу үшін жолды қазып, тыйым салған. Алайда ережені ескермегендер бұл жерді қалпына келтіріп, топырақпен жолды тегістеп қоқыс төгуін жалғастырып жатқан көрінеді.



«Топырақ төгу, құрылыс қалдықтарын төгу сынды факт анықталып жатыр. Жыл басында Экология департаменті анықтау үшін комиссия құрылды.  Биыл 30 адамға айыппұл салынды. Әлі де жалғасып жатыр. Полиция қызметкерлерімен бірлесіп, күнделікті бақылап жүрміз», – деді Медеу ауданы әкімі аппараты абаттандыру бөлімінің бас маманы Марат Тілесов.



Жол жиегімен жүріп өтіп, екінші кіреберіске де келдік. Бұл жерді, міне, көргендеріңіздей әкімдік өкілдері тексеру жүргізіп 2 күн бұрын ғана жолды тастармен бөгеп тастаған. Алайда мұның қанша уақыт тұратыны, қашанға дейін жабық болатыны әзірге белгісіз.
Себебі «Қой дейтін қожасы белгісіз» жерді қанша жапса да жүк көліктері кірудің амалын табатын көрінеді. Әкімдік өкілінің айтуынша, олар қойған бөгетті алып тастаған кездері де болған. Айта кетсек, қоқыс төккендерге салынған айыппұл көлемі әзірге 2 миллион теңгеге жуықтады. Медеу әкімдігі қазір бақылау жүріп жатқанын мәлімдесе, экологтар ертең бұл маңға сенбілік жасайтынын хабарлады.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Үлкен Алматы каналы #қоқыс #Айыппұл #сенбілік #экологтар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.