Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Үлкен Алматы айналма жолы пайдалануға берілді

Үлкен Алматы айналма жолы пайдалануға берілді

Әлеумет 16.06.2023, 05:14 901
Үлкен Алматы айналма жолы пайдалануға берілді
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

 Қазақстандағы ірі жол-көлік инфрақұрылымдарының бірі – Үлкен Алматы айналма жолы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.


Оның ресми ашылуына ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев және Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты



Көлік жүргізушілері жаңа жолдың үстімен жүріп, оның артықшылықтарын бағамдап көрді. Аталған айналма автожолы еліміздің тарихындағы алғашқы концессиялық жоба саналады. Оның құрылысы 3 жыл бұрын түрік-кореялық консорциумының негізінде қолға алынып, жоспарға сәйкес 2024 жылы қолданысқа берілуі керек еді. Десе де қарқынды жұмыстардың нәтижесінде бұл нысан мерзімінен бұрын тапсырылып отыр.


ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин автожолдың тиімділігі мен басымдықтарын атап өтті. Оның айтуынша, Үлкен Алматы айналма автожолы мегаполис көшелеріндегі және қала маңындағы кептелісті азайтып, экологиялық жағдайды жақсартады.



«Бұл еліміздің тарихындағы маңызды сәттердің бірі. Себебі Үлкен Алматы айналма автожолы Орталық Азиядағы ең ірі инфрақұрылымдық жоба саналады. Осы жол құрылысы халықтың игілігі үшін қолға алынғанын  атап өткен жөн. Сондай-ақ аталған жоба мегаполис тұрғындары мен жергілікті халықтың еркін қозғалуына септігін тигізері анық», - деді Төлеген Абдуллин.



Концессия тетігіне сәйкес құрылыс жұмыстарын инвестор жеке қаражатын есебінен жүргізген. Енді таяу 16 жыл бойы жол инвестордың кепілдік мерзімінде болады. 66 шақырымға жалғасқан айналма жолды жарты сағатта еңсеруге болады.



- Бүгін біз маңызды оқиғаның куәсі болып отырмыз. Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі жаңа бекітілген Бас жоспары аясында бүгінде БАКАД-қа баратын 6 радиалды жолды салу жұмыстары жүргізілуде. БАКАД-ты ашу Алматы қаласының аумағына транзиттік трафиктің кіруін азайту арқылы Алматы қаласының жолдардағы кептелісті орта есеппен 20%-ке азайтады. Бұл қаланың экологиялық жағдайын жақсартады. Алматы агломерациясы тұрғындарына көліктік қызмет көрсету сапасына оң ықпал етеді, - деді Алматы қаласы әкімі Е.Досаев.



Көлік жүргізушілері жаңа жолдың тиімділігін байқап, ризашылықтарын жеткізді.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, жаңа жол-көлік инфрақұрылымы өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жақсартып, халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етпек.  



«Аталған айналма автожолы мемлекет-жекеменшік әріптестік аясында салынған еліміздегі маңызды инвестициялық жобалардың бірі. Ол тұтастай өңірдің экономикалық дамуына серпін беретін Батыс Қытай – Батыс Еуропа транзиттік дәлізінің негізгі тармағы саналады. Осы жол облысымыздың дамуына әсер беріп, инвестициялық және туристік әлеуетті арттырады деген сенімдеміз», деді М.Сұлтанғазиев. 



Айналма жол 1-а техникалық санаты бойынша салынған. Аталған жобаны қаржыландыруға Еуразиялық даму банкі де қатысқанын атап өткен абзал.



«Үлкен Алматы айналма автожолы Қазақстан мен Еуразия аймағында көлік маршруттарын кеңейту бойынша маңызды рөл атқарады. Жаңа нысан «Шығыс-Батыс» бағытындағы халықаралық автокөлік маршруттарын байланыстырып, көлік қатынасын жақсартуға, жүк тасымалының мүмкіндіктерін кеңейтуге оң ықпал етеді. Осы жол арқылы тасымалданатын жүктің болжамды көлемі таяу 10-15 жылда 87%-ға ұлғайып, 35,9 млн тоннаға жетуге тиіс», деді Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузов.



Ресми бөлімнен кейін жаңа жолдың бойымен бірнеше көлік жүріп өтті. Атап айтқанда, ҮАААЖ белгілері бар 10 ауыр жүк көлігі, 10 автобус және жеңіл автокөліктер Қаскелең қаласына дейін жол тартты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Үлкен айналма жол #қауіпсіздік #тығын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.