AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / "Уланып қалған". "Ақтөбе" клубының 15 жастағы футб...

"Уланып қалған". "Ақтөбе" клубының 15 жастағы футболшысы отбасымен бірге қаза тапты

Спорт 13.10.2025, 09:39 905
"Уланып қалған". "Ақтөбе" клубының 15 жастағы футболшысы отбасымен бірге қаза тапты
сурет: sportilinet.kz

ФК «Ақтөбе» жасөспірімдер командасының 15 жастағы қорғаушысы Арон Мұса қайтыс болды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кеше, QJ league турнирінде ойнайтын “Ақтөбе U-16” командасының ойыншысы, 15-жастағы футболшы Арон Мұса өмірден озды. Аронның отбасында үлкен қайғы орын алды. Арон бауырымызбен бірге әжесі және немере ағасы да көз жұмды. Мұса әулетіне, туған туыстарына қайғыра көңіл айтамыз", - делінген клуб хабарламасында.

Арон мен оның туыстарының өлімінің себептері нақтыланған жоқ. Ресми расталмаған мәлімет бойынша, отбасы көмірқышқыл газынан уланып, қаза тапқан болуы мүмкін.

Мұса 2010 жылғы 18 сәуірде дүниеге келген. "Ақтөбе" U-16 сапындағы дебюті 2 тамызда өтті. Кейінгі матчін 4 қазанда өткізген. Биылғы маусымда Арон Мұса "Ақтөбенің" жасөспірімдер құрамасында жалпы алты ойынға қатысты.

Айта кетейік, бұл кейінгі бір ай ішіндегі қазақстандық футболдағы екінші қайғылы жағдай. 23 қыркүйекте елордалық "Жеңіс" клубының 19 жастағы футболшысы Виктория Қайсаринова Павлодар – Астана тасжолында болған жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#футбол #қайғы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);