Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ұландықтар алматылық ардагерге сәлем бере барды

Ұландықтар алматылық ардагерге сәлем бере барды

Әлеумет 08.01.2025, 10:55 507
Ұландықтар алматылық ардагерге сәлем бере барды
Ұлттық ұлан

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Халық қаһарманы, генерал-майор Қайрат Үмбетов Алматыда тыл ардагері отставкадағы майор Бакешев Ғалымжан ақсақалмен кездесті.

Биыл аталып өтетін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында тыл ардагерінің шаңырағына ат басын бұрып, әрі Ұлттық ұланның құрылған күнімен арнайы құттықтай келген ұландықтарды қарт ардагер Ғалымжан Жүнісұлы мен өмірлік жары Қоныскүл апа қуана қарсы алды.

Соғыс басталған уақытта Ғалымжан ата небәрі алты жаста еді. Өзі сияқты буыны бекіп, бұғанасы қатпаған  өрендердің балалық шағын соғыс ұрлаған болатын. Олар сәби болып еркелемеді, бала болып ойнамады, еңбекке ерте араласып, ауылдағы ер-азаматтардың орнын басты, әйел-аналарымен бірге тылда еңбек ете жүріп, Жеңіс күнінің жақындауына үлесін қосты.

Қазір соғыс жылдарындағы балалардың еңбегі еленіп, тыл ардагерлеріне теңестірілген. Ғалымжан ақсақалға да осы мәртебе берілді.  Сонымен қатар Ғалымжан Жүнісұлы – Ұлттық ұланның қарт ардагерлерінің бірі. Ол 1960 жылдан бастап КСРО-ның Ішкі әскерінде әр түрлі қызметтерде болған. КСРО ІІМ Қазақ ССР-і және Қырғыз ССР-і бойынша Ішкі әскер басқармасында саясат бөлімінің нұсқаушысы лауазымында зейнетке шыққан.

– Сіз Ұлттық ұлан жауынгерлеріне әскери-патриоттық тәрбие беру жұмысына ұдайы белсенді атсалысып келесіз. Оларға жауынгерлік қызметтерін орындауда ақыл-кеңес, көмек беруден жалыққан емессіз. Сіздің өнегелі өміріңіз, тағылымға толы тәжірибеңіз біз үшін өте құнды. Сізді Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы күнімен құттықтаймыз. Денсаулығыңыз мықты болсын! – деп тілек білдірді Қайрат Жарылқасынұлы ардагерге Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының алғыс хатын табыстап, сый-сияпат ұсынды. 

Тыл ардагері отставкадағы майор Бакешев Ғалымжан қария ұландықтардың құрметіне риза болып, ақ батасын берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан #Ардагер #Тәрбие
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.