ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ұлағатты ұстаз, экс-сенатор Нөкетаева Динар Жүсіпә...

Ұлағатты ұстаз, экс-сенатор Нөкетаева Динар Жүсіпәліқызымен кездесу өтті

Әлеумет 09.11.2024, 11:15 1,054
Ұлағатты ұстаз, экс-сенатор Нөкетаева Динар Жүсіпәліқызымен кездесу өтті
Almaty-akshamy.kz
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 8 қараша күні Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты, ұлағатты ұстаз және педагогика ғылымдарының кандидаты Нөкетаева Динар Жүсіпәліқызының 60...
8 қараша күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде ұлағатты ұстаз, экс-сенатор Нөкетаева Динар Жүсіпәліқызының 60 жасқа толуына орай кездесу өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.
 
Нөкетаева Динар Жүсіпәліқызы – Қазақстанның білім беру саласына айтулы үлес қосқан танымал тұлға, педагогика ғылымдарының кандидаты. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің материалдық базасын нығайтып, білім сапасын арттыру бағытында елеулі жұмыстар жүргізген тәжірибелі ұстаз.
Бүгінгі кездесу ұстаздың кәсіби жетістіктерін атап өтіп, білім беру жүйесінің дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылауға бағытталды.    
 
Тағылымға толы кездесуде университеттің жеткен жетістіктері мен алға қойған жоспарлары да айтылды. Сонымен қатар студенттер ұлағатты ұстазға бейнеролик арқылы ыстық ықыластарын жеткізіп, өз алғыстарын айтты.
 
«Мен 30 жылға жуық Динар Жүсіпәліқызымен бірге қызмет етіп келе жатырмын. Ол кісінің адамгершілігі мен бастаған ісін соңына дейін жеткізетін қасиеті баршамызға үлгі. Динар Жүсіпәліқызының басшылығымен университет Ұлттық рейтинг үздігі, «QS халықаралық рейтингісінде 3 жұлдыз» иегері атанды. Сонымен қатар  9 қабаттық жатақхана, «Аққу» бассейні, «Қазақ аруы» субұрқағы салынды. Білім алушылар да ғылым, спорт, өнер салаларында елеулі жетістіктерге жетті», - деді "ҚазНұр" гуманитарлық колледжінің директоры Сабырова Зәуреш Қуандыққызы.
 
Іс-шара аясында Басқарма Төрағасы-Ректоры Гүлмира Қанай Динар Жүсіпәліқызын мерейтойымен құттықтап, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті атынан сыйлық табыстады. Сондай-ақ кездесуге арнайы қонақ болып келген ардагер ұстаздарды төсбелгімен марапаттады.
 
Ұстаздың білім саласына қосқан қызметін бағалап, жас педагогтарға үлгі ретінде көрсету үшін өткен кездесу концерттік бағдарламаға ұласты.
Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.