AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үкіметтік емес ұйым өкілдері үшін сенім телефоны і...

Үкіметтік емес ұйым өкілдері үшін сенім телефоны іске қосылды

Әлеумет 03.02.2022, 07:49 2,092
Үкіметтік емес ұйым өкілдері үшін сенім телефоны іске қосылды
Сурет: Zp.gov.ua

Барлық қоңыраулар жасырын түрде қабылданады.


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық мәселелері бойынша сенім телефонының нөміріне үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де, конкурс жеңімпаздарын анықтайтын сараптама комиссиясының мүшелері де өз шағымдарын түсіре алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығында ҮЕҰ-ға мемлекеттік гранттарды ұсыну жөніндегі конкурстық комиссияның құрамындағы сарапшылардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге арналған онлайн-кездесу өтті.


Іс-шараға сарапшылар, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының өкілдері қатысты.


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрайымы Лима Диастың айтуынша, Орталық ҮЕҰ-ға мемлекеттік гранттар ұсыну конкурсының жеңімпаздарын анықтайтын сараптамалық комиссия мүшелерінің құзыретін арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі.



«Біз сараптамалық комиссия мүшелерінің жұмысы жауапкершілікті, арнайы білім мен дағдыларды талап ететінін түсінеміз. Сонымен қатар, биыл байқау комиссиясының құрамына алғаш кірген сарапшылар да бар. Олардың құзыреттілігін арттыру мақсатында жыл бойы біз тренингтерді, семинарларды өткізіп, ҮЕҰ-ның өтінімдерін бағалау рәсімдерін түсіндіретін боламыз», - деп атап өтті Орталықтың төрайымы.



Сондай-ақ, Лима Диастың мәліметтеріне сүйенсек, үкіметтік емес ұйымдардың өтінімдерін қарау кезінде сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу мақсатында Орталықта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс-қызметтің жұмысы жандандырылған.



«Бүгін біз орталықтың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс-қызметінің жұмысын күшейтудеміз. Бізде сенім телефоны жұмыс істейді. 8 771 348 83 84 нөмірі арқылы өтініштер мен шағымдарды сараптама комиссиясының мүшелері де, өтініш берушілер де жібере алады. ҮЕҰ өкілдері өз құқықтары бұзылған жағдайда сараптама комиссиясына шағымданса, сарапшылар өтініш берушіге өздеріне қысым жасағаны үшін бізге хабарласа алады. Барлық қоңыраулар жасырын түрде қабылданады», - деді ол.



Еске салайық, өткен аптада Азаматтық бастамаларды қолдау орталығында ҮЕҰ-ға мемлекеттік гранттарды ұсыну жөніндегі 2022 жылғы конкурстың сараптамалық комиссиясын құру рәсімі өткізілген болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#НПО #Қазақстан #телефон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);